«ПОЛИТОН» КЛУБЫ – НҰРБОЛАТ МАСАНОВТЫҢ АТЫНДА

«ПОЛИТОН» КЛУБЫ – НҰРБОЛАТ МАСАНОВТЫҢ АТЫНДА

«ПОЛИТОН» КЛУБЫ – НҰРБОЛАТ МАСАНОВТЫҢ АТЫНДА
ашық дереккөзі
368

«Политон» дискуссиялық клубының негiзiн көзi тiрiсiнде тарихшы Нұрболат Масанов қалаған едi. Клуб аясында елiмiз бен әлемдiк қауымдастықты мазалап отырған талай өзектi мәселелер талқыланып үлгердi. Ал, таяуда өткен соңғы жиын Нұрболат Масановты еске алуға бағышталды.

Қазақ баспасөзiнде оны жиi сынайтын. Оның да ретi болған шығар. Дегенмен, дүниеден озған адам жайлы ғайбат сөз айту ерсi болар. Елiмiзде ешкiмнiң де дауасы болмас: Нұрболат Масанов – үлкен тұлға, бiртума азамат едi. Оның көшпендiлер тарихына арналған еңбектерi өзiнше бiр төбе. «Түркiстан» газетiне берген «Қазақ тiлi саяси сауданың құрбаны болмауы тиiс» атты сұхбатында ол көп ұзамай қазақ тiлiн үйренiп, ана тiлiнде сайрауға уәде берген едi. Бiрақ, амал қанша?! Ұнатайық, ұнатпайық, бiрақ елiмiздiң демократиялық тұрғыдан қалыптасуына оның қосқан үлесi тағы бар. Демократиялық ойлары, ашық пiкiрлерi, тiк мiнезi көпшiлiкке үлгi. Оның аузынан шыққан әрбiр сөз ылғи ерекше қызығушылық туғазатын: бiрiмiздiң жанымызға батып, бiрiмiздiң көңiлiмiздi марқайтатын… Оның пiкiрлерiне бей-жай қарауға болмайтын едi. Себебi ол бос сөзбен айналыспайтын, өзектi мәселердiң басын ашып айтатын. Оны құрбы-құрдастары мен дос-жарандары осылайша еске алды.

Әу бастан «Политон» пiкiр-талас клубы дүрдараздықтар мен кикiлжiңдердi талқылап, ымыра шешiмдерге келудi көздеген орталық едi. Тарихшы- саясаттанушыны еске алу кешiне жиналғандар бұдан былай «Политон» клубының Нұрболат Масановтың атында болатынын жеткiздi.

Кәмшат ТАСБОЛАТОВА

Серіктес жаңалықтары