ПРЕЗИДЕНТ МҰСЫЛМАН ҚАУЫМЫН ОРАЗА АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ПРЕЗИДЕНТ МҰСЫЛМАН ҚАУЫМЫН ОРАЗА АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ПРЕЗИДЕНТ МҰСЫЛМАН ҚАУЫМЫН ОРАЗА АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ашық дереккөзі
404

Дүйсенбi күнi барша мұсылмандар үшiн маңызды да қасиеттi саналатын ұлық мереке – Ораза Айт басталды. Осыған орай ел Президентi Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Нұр-Астана» мешiтiне арнайы ат басын тiреп, Қазақстан жұртшылығын қасиеттi мерекемен құттықтаған едi.

Өз сөзiнде Елбасы: «Адам баласы бұл дүниеге жалаңаш келiп, жалаңаш кетедi. Алладан басқаның барлығы – бұл дүниенiң қонағы. Ендеше сол аз күн жалғанды нысап, қанағатпен өткiзiп, Жаратушымыздан өзiмiзге, отбасымызға, алыс-жақын ағайынға, барша адамзат қауымына тек жақсылық тiлейiк» – дедi.

Бұл күнi елiмiздiң түкпiр-түкпiрiндегi барша мешiттер мұсылман қауымға лық толды. Барша мешiттерде Айт намазы оқылды. Ал, «Нұр-Астана» мешiтiнде аят оқып, дұға жасаған Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербiсәлi «Астанада мешiттер санының көбеюiн» Елбасына бұйымтай етiптi. Шынымен-ақ, елiмiзде екi мыңға жуық мешiт бар деп қанша кеуде қақсақ та, елiмiздiң орталық қалаларында мешiт санының аздығы бiрден байқалады. Астанамен қатар, Алматы қаласының орталық көшелерiнде де сәулеттi мешiттер бой көтерсе, жақсы болар едi?! Бұл мәселенiң шешiлуi – алдағы уақыттың еншiсiнде болса керек.

Кәмшат ТАСБОЛАТОВА

Серіктес жаңалықтары