АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ЖАСТАР БАЙҚАУЫ ӨТТI

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ЖАСТАР БАЙҚАУЫ ӨТТI

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ЖАСТАР БАЙҚАУЫ ӨТТI
ашық дереккөзі
224

«Өнерге әркiмнiң де бар таласы» демекшi өнер арқылы адам баласы қалыптасып дамиды. «Егер адам тектi, асылзада болғанымен, өнерi болмаса, оны ешкiм де елемейдi. Бұл екi гауһарға бiрдей ие болған адамды көрсең, етегiнен ұстап, қолыңнан шығарма. Мұндай жан жалпы халықтың қажетiне жарайды» деген екен тоғызыншы ғасырда өмiр сүрген ғұлама Кайкаус.

Алматы қаласы әкiмшiлiгiнiң аппараты Жастар саясатын дамыту мемлекеттiк қорының ұйымдастыруымен Студенттер сарайында қала күнiне орайластырылған «Эстрада жанрында өңделген ән орындау», «Бишiлер», «Айтыс», «Дәстүрлi ән айту» және «күйшiлер» сайысы 29-30 қазан күндерiнде аталып өттi. Бәсекеге қабiлеттi жастар бәйге сайысында өздерiнiң қабiлеттерiн таныта бiлдi. Жоғарғы оқу орындарының арасынан таңдаулы студенттер iрiктелiндi. 46 студент эстрада жанры бойынша, 18 бишiлер, 3 айтыскер жұбы, 13 дәстүрлi ән айту, 29 күйшiлер үлкен сайыс додасына жолдама алды. Олардың арасынан оза шапқан Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетiнiң студентi Сұлтанкөбеев Айғали бас жүлденi иемдендi. Екiншi орынды Алматы технология және бизнес Университетiнiң студентi Хусайынов Алмас алса. Үшiншi орынды Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетiнiң студентi Мавланқұлов Еркiн иемдендi. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының студентi Мамытқалиев Қуаныш «Дариға дәурен», әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетiнiң студентi Мадгулов Азамат «Отан Ана», Радиоэлектроника және байланыс әскери – инженерлiк институтының студенттерi Горбачевский, Айтмағамбетов, Дүймағамбетов, Бескемпiров «Бiр сен үшiн» квартет әндерiн орындап көрермен ықыласына бөлендi.

Бишiлер арасынан Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетiнiң бишiлер тобы «Қазақ биi» атты музыкалық қойылымы бойынша би билеп бас жүлденi алды. Екiншi орынды Қазақ Ұлттық Аграрлық университетiнiң бишiлер тобы алды. Үшiншi орынды Қазақ Мемлекеттiк қыздар педагогикалық институтының студентi Алма Ернар А.Жұбановтың «Қарылғаш» музыкасына билеп жеңiске жеттi.

Айтыс жанры тыңдаушы көрермендердi ерекше ықыласқа бөлеп қызықты өтуiне ықпал етiп отырады. Сөз сайысы мәреге жеткенше қызу таласпен өтетiнiн тарихтан және бүгiнгi айтыс шеберлерiнен байқап келемiз. Демек айтысқа жастардың құмар болуы және сөз сайысында өздерiнiң бiлiмдi сауатты екендерiн таныта бiлуi бiздi қуантады. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетiнiң студентi Ерғалиев Нұрлыбектiң оза шығып айтуы соның айғағы. Қазақ Мемлекеттiк қыздар педагогикалық институтының студентi Толқынова Шынар өкшелес жеңiске жеттi. Дәстүрлi ән айтудан Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының студентi Мұсабаев Бейбiт «Бастау» әнiмен бас жүлденi алды. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетiнiң студентi Бектұрғанова Шынар халық әнi «Гүлдариға» әнiн жiбек дауысымен орындап екiншi орынға ие болды. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының студентi Меденұлы Ырғынбек «Нартайдың термесiн» орындап үшiншi орынға ие болды.

Домбыра өнерiнiң iшiнде ең күрделi жанры – күй екенi баршаға белгiлi. Екi iшектi қуалып, пернелердi санап, күрделi күй әуенiн симфониялық тәсiлмен дыбыс бояуын құлпырта отырып тыңдаушысына тұтас жеткiзу үшiн көп еңбек етудi қажет етедi. Құрылымы классикалық үлгiдегi алуан түрлi қағыс, сол қағыстарға ерiп перне бойын қуалай жарысқан саусақтар дер кезiнде үлгiрiп тең жорғалай отырып күй әуенiн тұтас музыкалық формада тыңдаушысына жеткiзе бiлу керек. Бұл жанрды түсiнiп тыңдаушысын түсiндiре отырып жеткiзе бiлген жас әуесқой домбырашы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетiнiң студентi Жасағанбергенұлы Нұрбол Махамбеттiң «Жұмыр қылыш» күйiн шебер орындап, сайыс мәресiн толық қамтып оқ бойы озық көрiне бiлдi. Екiншi орынды Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының студентi Нәжiпхан Бақытжан Құрманғазының «Байжұма» күйiн орындап алды. Ал үшiншi орынды Қазақстан Менеджмент, экономика және жобалау институтының студенттерi Сауранбаев Мұрагер, Есембеков Бауыржан «Секiртпе» күй дуэтiн музыканың әр түрлi ритмикалық ырғақтар, сахналық қимыл әрекеттер арқылы көрермен ықыласына бөлендi. Жалпы домбыраға қосылып ән айту, күй тарту өнерiне деген бетбұрыс күн санап өсiп келедi. Әсiресе, ДЭККО жанрында орындаушы жастардың көптеп кездесуi домбыра аспабының ел арасында беделiнiң өркен жаюына ықпал етiп келедi.

Жасарал Еңсепов,

Әдiлқазылар байқауының төрағасы

Серіктес жаңалықтары