«БӘРI ДЕ — ШАҒЫН КӘСIПКЕРЛIК ҮШIН»

«БӘРI ДЕ — ШАҒЫН КӘСIПКЕРЛIК ҮШIН»

«БӘРI ДЕ — ШАҒЫН КӘСIПКЕРЛIК ҮШIН»
ашық дереккөзі
429

Халық банкiнiң Алматыдан ашқан Қаржы орталығы банктен қарыз алуға қызығушылық бiлдiрген азаматтарға кешендi түрде қызмет көрсететiн болады.

Халық банкi Қазақстандағы шағын және орта кәсiпкерлiкке қолдау көрсету мақсатында Алматыдан қаржы орталығын ашты. «Бәрi де — шағын кәсiпкерлiк үшiн» ұранымен ашылған қаржы орталығы несие алуға талпынған Қазақстан азаматтарына кешендi түрде қызмет етудi көздеп отыр. Яғни, банктен қарыз алуға мүдделi адамдардың өтiнiшiн қабылдаудан бастап, арнайы мамандардын кеңес алу сияқты басқа да несиенi беруге дейiнгi жұмыстар түгел осы ғимаратта жүзеге асады. Қаржы орталығының ашылу салтанатында сөз сөйлеген Халық банкi Директорлар кеңесiнiң төрағасы Александр Павлов: «Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне арналған қаржылық қызмет түрлерiн бiр ғимаратқа жинаған Орталық Халық банкiнiң «Halyk Group» қаржы тобы өз клиенттерiмен жаңа әрi сапалы деңгейде қызмет көрсетуiне мүмкiндiк бередi. Кәсiпкерлерге тиiмдi несиелеу бағдарламаларын ашу, жоғары сапалы кеңес алудан басқа бiздiң еншiлес компаниялардың әртүрлi қызметтерiн пайдалана алады» дедi. Шынында да, орталықта өзiндiк есеп айырысатын кассалардың, нотариус пен риэлторлық қызмет көрсетушiлердiң болуы да несие алу немесе оны өтеудi жеңiлдетерi анық. Клиенттерiнiң уақытын ұтымды пайдалануға жағдай жасаған Халық банкi Алматы қаласының мүлiк орталығында кепiлдiк шартын рәсiмдеу, сатып алынатын мүлiктi қайта рәсiмдеу, кәсiпкерлерге депозит ашу, корпоративтiк төлем карточкаларын шығару, қолма-қол ақша төлеу мен қолма-қол ақша айырбастау жұмыстарының жүргiзiлуiн аталған орталыққа шоғырландырған.

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары