ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ БӘСЕКЕГЕ ҚАБIЛЕТТI МЕ?

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ БӘСЕКЕГЕ ҚАБIЛЕТТI МЕ?

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ БӘСЕКЕГЕ ҚАБIЛЕТТI МЕ?
ашық дереккөзі
Туризм — кейiнгi жылдары елiмiзде жанданып келе жатқан салалардың бiрi. Бұл сала экономикамыздың әжептеуiр пайда әкелетiн тармағына айналып келедi. Дегенмен, сыртқы елдерге шығатын туристер саны елiмiздiң iшiндегi демалушылардан басым түсiп отыр. Мұның себебiн олар бiздiң елдегi қонақ үй, туристiк қызмет бағасы шетелдегi туристiк қызмет бағасынан артық болмаса, кем еместiгiмен түсiндiредi. Сондай-ақ отандық туристiк қызмет қөрсету түрi де европалық стандарттан төмен дегендi естуге болады. Ал, табиғат аясында демалғысы келетiндер жолдардың жөндеуден өтпегендiгiнен ел iшiндегi Алакөл, Қапшағай, Балқаштан гөрi Ыстық көлге баруды жөн көретiндiгiн тiлге тиек етедi. 2004 жылдан берi бұл кемшiлiктi жоятын бiрнеше мемлекеттiк жобалар жұмысқа кiрiсуде. Елбасы 2005 жылдың 19-ақпанында жасаған жолдауында айтылған 5-7 саланы кластерлiк жолмен дамыту жоспары қойылған болатын. Оның iшiнде туризм де бар. Сондай-ақ 2004 жылдың 16 желтоқсанында “Қазақстанда туристiк кластердiң даму мүмкiндiктерi” тақырыпта кеңiнен талқылау шаралары өтiп едi. Маркетингтiк және талдамалық-зерттеу орталығы мен АҚШ-тың бiрнеше зерттеу компаниялары бас қосып, Қазақстан туризмiнiң мүмкiндiктерiн және оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн талқылаған-ды. Мұнда бiздiң туристiк операторлар мен компаниялардың басшылары, өкiлдерi қатысып Қазақстандық туризмнiң қазiргi жағдайы мен оның дамуына кедергi келтiрiп отырған факторларды ортаға салды. Ондағы туристiк компания өкiлдерiнiң айтуынша мынадай факторлар бар екен: 1. Қазақстанның дүниежүзiлiк туризм ассоциациясының негiзiнде жарнамалау және елiмiздiң имиджiн қалыптастыру үшiн жобалар жасау қолға алынбаған; 2. Туризм саласында еңбек ететiндердiң еңбекақысын көтеру; 3. Қазақстан елшiлiктерiнен туристiк визаларға рұхсат алудың қиындықтары; 4. Тур жасайтын орындарға тасымалдайтын көлiк пен жолдардың дамымауы; 5. 3-4 жұлдызды арзан қонақ үйлер мен мотельдердiң жоқтығы; Осы ұзақ талқыдан соң Алматы мен Алматы облысында экологиялық туризмдi және аймақтағы табиғи ландшафтарға зиян келтiрмей, табиғи күйiн сақтай отырып пайдалану туралы мақсат қойылды. Алдыға қойылған проблемалардың қазiргi шешiлуiне келсек, аталған аймақ туризм кластерiн жүзеге асыруға тиiмдi деп танылған. Себебi, мұнда қонақ үйлер, санаторийлер, ойын-сауық орталықтары, қорықтар, тау тағы сол сияқты объектiлер шоғырланған. Сондай-ақ осы өлкеге деген шетелдiк туристердiң қызығушылығын арттыру үшiн жеке кәсiпкерлердi жұмылдыру көзделген. Алматыда және Алматы обылысы аумағында тарихи археологиялық және мәдени мұраны насихаттау мақсатында мәдени-танымдық туризм қалыптастыру жолға қойылған. Сонымен қатар iскерлiк туризм. Бұл Алматы қаласын қаржылық орталыққа айналуына байланысты қаламызда өндiрiстiк орындардың қажеттiгi жоқ деп танылып, Орта Азиядағы iрi бизнес орталықтарының бiрiне айналдыру көзделiп отыр. Қазақстан үкiметiнiң 2005 жыл 25 маусымда бекiткен №633 қаулысы бойынша “туризм” кластерiн құру және дамыту жайындағы жоспарына келетiн болсақ, елiмiзге келiп жатқан инвестициядан инфрақұрылымды дамытуға, қонақ үйлер, мотельдер, кiшiгiрiм қонақ үйлер салуға жұмсалатын болады. Сондай-ақ әкiмшiлiк кедергiлердi, виза жөндеу жұмыстарын жеңiлдету жолға қойылды. Бұл жоспарда: – “Байқоңыр” кешенiн туристiк объектiге айналдыру оның туроператорлар арқылы билеттер сату; – Туризм саласында “Болашақ” бағдарламасы арқылы шетелде мамандар дайындау; – Туризм сферасында оқуға арналған грант мөлшерiн 200 орынға дейiн көбейту; – Спорт және туризм академиясы “Тұран” университетiнiң қарамағында 2-айлық тау гид-жүргiзушiлерi мен инструкторларды дайындауды ұйымдастыру; “Тұран” университетiнде экскурсовод мамандығы бойынша 50 адам даярлау; – Әлемдiк ақпарат құралдарымен байланыс орнатып елiмiздiң туристiк объектiлерi жайында ақпарат тарату; – Экологиялық туризмдi дамыту мақсатында Шымбұлақтың жоғарғы жағындағы Тұйықсу сайына дейiнгi 1.5 км. жолды жөндеу; – Қарақара қалашығынан Кегендегi кеден бекетiне дейiнгi аралықта 26 км. жолды жөндеу; – Алматы облысындағы туристтiк объектiлерге апаратын жолдарға республикалық деңгейдегi жол белгiлерiн қою; – Туристiк автокөлiктердi кедергiсiз өткiзудi қамтамасыз ету; – Алакөл, Балқаш көлдерiмен Тамғалы тас ескерткiшi (Қапшағай қаласы) сияқты әдемi жерлерге апаратын жолдарды жөндеуден өткiзу; – Бiрiншi Кордоннан Текелi қаласының кенiшiне дейiн 22 км. жолды жөндеу; – Алматы облысындағы туристiк объектiлерге және судың бетiне қонатын ұшақтар мен тiк ұшақтарға арналған кiшiгiрiм авиациялар ұйымдастыру; – “Эйр Астана” және тағы басқа да жекеменшiк авиакомпаниялармен туристiк рейстердi ұйымдастыру. Жоба жүзеге асса, бұл елiмiзге көптеп туристердiң келуiне жол ашпақ. Сондай-ақ алдағы уақытта отандық туристiк бизнестiң дамып, жергiлiктi тұрғындарды жұыспен қамтамасыз етiлетiн күнде алыс емес деуге болады. Мамандардың пiкiрiнше, халықтың жағдайы көтерiлгендiктен интернет бойынша сатылатын туристiк жолдамалардың саны артқан.