АЙЫРҚАЛПАҚТЫЛАР АТТАНЫ

АЙЫРҚАЛПАҚТЫЛАР АТТАНЫ

АЙЫРҚАЛПАҚТЫЛАР АТТАНЫ
ашық дереккөзі
480

«Қазақтар қырғыздардың туризмiн тұншықтыруға айналды». Осылайша дабыл қаққан қырғыздар мол қаржыдан қаққан қазақтарды қыжыртуда. Табиғаты — сұлу, жерi — кең, экономикалық және әлеуметтiк мүмкiндiктерi бар қазақтардың отандық туризмдi дамытуға мүдделi әрi құқылы екенiн айырқалпақтылар ескергiсi жоқ…

«Қазақстанда қырғызстандық туризмге қарсы мемлекеттiк деңгейде науқан басталды» деп мәлiмдеме жасаған Қырғызстанның Өндiрiс, сауда және туризм министрiнiң орынбасары Тұрысбек Мамашев бұл науқанның Қазақстанда жеке кәсiпкерлер мен мемлекет тарапынан жүзеге асырылып отырғанын айтты. Мамашев мырзаның алаңдайтын жөнi бар. Өйткенi, жыл он екi ай мыңдаған қазақстандық Қырғызстанға демалуға жол тартады. Есесiне, Қазақстан бюджетi қолда бар алтынның қадiрiн бiлмеген шенеунiктердiң кесiрiнен мол пайдадан қағылады. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында оң өзгерiстерге бет бұрған қазақ әрiптестерiне қырғыз шенеунiктердiң өкпелерi қара қазандай. «Қазақстанда туризмдi дамытуға мемлекеттiк қазынадан 14 миллион доллар көлемiнде қаржы бөлiнсе, Қырғызстанда – бар болғаны 100 мың доллар» деп «ренжiген» Қырғызстан Өндiрiс, сауда және туризм министрлiгi Туризм басқармасының бастығы Әкбар Жiгiтов қазақ жерiндегi туризмдiк науқанға байланысты тиiстi шаралар қолданылатынын айтты. Ресми мәлiмдемесi «iшiң бiлсiн…»-ге сайған қырғыз шенеунiк қандай шаралар қолданылатынын ашып айтқан жоқ.

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары