АҚЫН ҚЫЗБЕН ҚАУЫШҚАН КЕШ

АҚЫН ҚЫЗБЕН ҚАУЫШҚАН КЕШ

АҚЫН ҚЫЗБЕН ҚАУЫШҚАН КЕШ
ашық дереккөзі
497

Қазақ Қыздар мемлекеттiк институтында соңғы кездерi жақсы бiр үрдiс пайда болыпты. Ол үрдiс институтқа қазақ қыздарының көшбасшысы боп жүрген қайраткер қызы Шәмшә Беркiмбаева келгелi берi әдетке айналыпты. Қазақтың талантты қыздарының мерейтойларын атап өту, институт қабырғасында арнайы құрмет тақтасын iлу, студенттердiң ақын апаларының өлеңiн жатқа айтуы қалыптасып кеткен. Соның бiр дәлелi ретiнде, қазақтың белгiлi ақын қызы Күләш Ахметованың «Рухыммен өрiп шыққан мұнарам» атты жыр кешiнiң өтуi. Бiр қызығы, ақын апамыздың мерейтойын алғашқы боп атап өтiп жатқан да Қыздар институты көрiнедi. Әрi кештi институт ректоры Шәмшә апамыздың өзi жүргiздi.

Сахналық қойылым жасап, жыр оқыған студенттер ақын өлеңдерiнiң әр кезеңiмен залға жиналған қауымды таныстырды десек те болады. Бiрiнен кейiн бiрi ағылған өлеңдердiң арасында жас ақын қыздардың апаларына арнаған жырлары да ағытылды. Сондай-ақ, ақынның нәзiк лирикалық өлеңдерiне жазылған жас композитор қыздардың кейбiр әндерiнiң де дәл сол күнi тұсауын кесiп жатты. Ақынның кешiне Қазақ Ұлттық университетiнiң журналистика факультетiнiң студенттерi де өлеңнен шашу ала келiптi. Күләш апамыздың жолдасы, ақын Қайырбек Асанов та қатысып, Шәмшә Беркiмбаеваға арнаған өлеңiн оқыды. Ақынын құрметтеген оқырманына, көрерменiне алғысын бiлдiрдi. Ән мен өрнектелiп, жырмен көмкерiлген кеш ұзаққа созылса да, студенттердiң көбесi сөгiле қоймады.

Гүлзина Бектасова

Серіктес жаңалықтары