ТУРИЗМ — ТАБЫС КӨЗI АЛ, БIЗ БҰЛ САЛАНЫ ДАМЫТУҒА НЕМКЕТТI ҚАРАЙМЫЗ

ТУРИЗМ — ТАБЫС КӨЗI АЛ, БIЗ БҰЛ САЛАНЫ ДАМЫТУҒА НЕМКЕТТI ҚАРАЙМЫЗ

ТУРИЗМ — ТАБЫС КӨЗI АЛ, БIЗ БҰЛ САЛАНЫ ДАМЫТУҒА НЕМКЕТТI ҚАРАЙМЫЗ
ашық дереккөзі
184

Соңғы кездерi Қазақстанда туризмдi дамыту арқылы экономикалық жағдайды жақсартып, бiрқатар әлеуметтiк мәселелердi шешуге болатыны жиi­жиi әңгiме болып отыр.

Ресми мәлiметтерге қарағанда, мемлекет қазынасына сырттан түсетiн инвестицияның 10 пайызға жуығы осы бiз әңгiме етiп отырған туризмнен түседi екен.

Тағы да ресми мәлiметтерге жүгiнсек, ұлттық табиғи парктер мен қорықтарға келген 244 мың 700 туристен 2004 жылы 9 миллионға жуық кiрiс келiп түскен. Соңғы 2 жылда бұл табыстың ұлғайғаны даусыз. Туризмдi дамыту арқылы тапқан қаржыны сол аймақтың гүлденуiмен көркеюiне жұмсауға болады.

Оңтүстiк Қазақстан облысында туризмнiң кез келген түрiн дамытуға қолайлы алғышарттар бар.

Оңтүстiк өңiрiнiң тамаша табиғаты және сан алуан табиғи-тарихи ескерткiштердiң молдығы осы ойымызға дәлел.

Экологиялық туризмдi зерттеп, зерделеп жүрген әлемге әйгiлi орталықтардың сарапшылары оңтүстiк өңiрдегi туризмдi дамытуға қолайлы жағдайлар бар деп оң баға берiп отыр.

Түлкiбас ауданындағы Талас Алатауының солтүстiк батыс бөлiгi мен Өгем жотасының солтүстiгiн алып жатқан әйгiлi Ақсу-Жабағылы қорығы шет елдердiң көз құртына айналды.

Ақсу-Жабағылы қорығы Талас Алатауының солтүстiк-батыс бөлiгi мен Өгем жотасының солтүстiгiн алып жатыр. Батыс Тянь-Шань табиғи кешенiн түгелдей сол қалпында сақтау мақсатында 1926 жылы құрылған Қазақстандағы тұңғыш қорық. Төле би және Түлкiбас аудандарының жерiнде, теңiз деңгейiнен 1200–4200 метр биiктегi Ақсу, Жабағылы, Майдантал өзендерiнiң алабында орналасқан. Құрамында Қаратаудағы “Қарабастау” (126 гектар) және “Әулие” (100 гектар) жер телiмдерi бар. Жерiнiң ауданы 1997 жылы 75.09 мың гектар болған. Қазiр Ақсу Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзiлiк қорықтар тiзiмiне енген. Қорық бiрнеше биiктiк белдеуде жатыр. Тау өңiрiнде бидайық, түрлi шөптер, боз жусан, беткейiнде селдiр арша орманы, субальпi және альпi шалғыны өседi. Шыңдарын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан. Ақсу Жабағылы қорығының жерiн Ақсу өзенiнiң аңғары (терендiгi 500 метрдей) жарып өтедi. Өсiмдiктер дүниесi әр алуан. Онда мүктiң 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсiмдiктердiң 1400 (дәрi-дәрмектiк өсiмдiктерден: қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас қорғасыны, өсiмдiктерден: арша, рауғаш, таран; жемiс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдiрген; жемшөптiк өсiмдiктерден: жоңышқа, кекiребас, бедебас, түлкiқұйрық, көде; эндемик өсiмдiктерден: талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, майысқыш қияқ, қаратамы, томағашөп, қандыгүл; реликтi өсiмдiктерден: Минквиц кендiршесi, жалған масақша, Қаратау сетенi) түрi бар. Қорықтың жануарлар әлемi де өте бай: сүтқоректiлердiң 42 (арқар, таутеке, елiк, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар т.б.): құстардың 238 (гималай ұлары, кекiлiк, сақалтай, бүркiт, қара құтан, бозторғай, сарыторғай, ителгi, шымшық, т.б); бауырымен жорғалаушылардың 9 (алай жалаңкөзi, сары бауыр кесiртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан, т.б.), қосмекендiлердiң 2 (жасыл құрбақа және көлбақа) және өзендерiнде балықтың 2 түрi тiршiлiк етедi. Омыртқасыз жәндiктердiң де алуан түрлерi бар. Қорықта ғылыми-зертеу жұмыстары үзбей жүргiзiледi. Ғалымдардың қорықтың табиғат байлықтары жөнiнде 400-ден астам еңбектерi жарияланды.

Экологиялық туризмге қатысты небiр сарабдал стратегияларды iс жүзiне асырумен айналысатын әлемдегi жетекшi орталықтар Ақсу-Жабағылы қорығын туризмдi дамыту үшiн аса қолайлы аймақ деп бағалауы тектен-тек емес. Ендi сөзден iске көшетiн уақыт жеттi.

Экотуристiк аймақтардың бiрi – Қазығұрт тауы, Қазығұрт аймағы. Талас Алатауының оңтүстiк-батыс сiлемiндегi аласа келген жота. Шымкент қаласынан оңтүстiкке қарай 35 км-дей қашықтықта орналасқан. Солтүстiк-шығыстан оңтүстiк-батысқа қарай 55 км-ге созылған. Ортаңғы биiктеу бөлiгiнiң ұзындығы 22 км, ендi жерi 10 км. Ең биiк жерi жотаның Шығыс бөлiгiнде орналасқан (1768м.). Ежелгi аңызда дүниенi топан су басқанда, Нұқ пайғамбар кемесi Арабияда Жуда тауында, Х-ғасырдағы аңызда Арарат тауына тоқтаған делiнедi. Қазақ (түркi) аңызы бойынша топан су қаптағанда Нұқ пайғамбар “топан су” мифiнiң көне нұсқасында Нұқ пайғамбардың есiмiнiң орнында Қазығұрт тауынан бастау алатын Қаражансау өзенi “Йвшқар-ата” (“Жылаған ата”, “Жылауық ата”) деген кiсi есiмi де қолданылады. Кемесi Қазығұрт тауының шыңында тұрып қалған. Топан су қайтқан соң, адамзаттың жаңа ұрпағының тiршiлiгi сыртқы бiтiмi кемеге ұқсас Қазығұрт тауынан басталған. Қазығұрт асуына Нұқ пайғамбар кемесiнiң макетiн қойып, осы аймақты туристiк демалыс орталығына айналдыруға әрекет жасаған әкiм-қаралардың тiрлiгiне қуануға да, ренжуге де болады. Өйткенi, бұл жердегi тiрлiктер сағызша созылып қуанышты iс бiтпей тұр.

Төле би ауданының “Диханкөл” ауылы да бүгiнде экологиялық туризм аумағына айналмақ. Өйткенi, қазақтың денсаулыққа пайдалы емдiк қасиетi бар, бал татыған қымызы шетелдiк туристердi ерекше қызықтырып отыр. Бүгiнде бұл аймаққа Россия, Швейцария сынды мемлекеттерден қонақтар келiп, қазақтың салт-дәстүрiмен танысып, шипалы қымыз жайында көптеген мәлiметтер жинаған. Диханкөлдiң қымызына 1 миллион евро бөлiндi. Бұл қаржыға зәулiм қонақүй салынады. Басқа да туристер қызығатын тiрлiктер жасалынбақ.

Оңтүстiк Қазақстан облысында тарихи ескерткiштердiң молдығынан ел хабардар. Сондықтан оңтүстiкте туристiк аймаққа айналдыратын мәртебелi киелi орындар жеткiлiктi. Ендi солардың бiрқатарына тоқталып кетсек. Қожа Ахмет Иассауи кесенесi – Түркiстан қаласында ХlV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Иассауи дүние салғаннан кейiн халықтың көп жиылуымен өзiне арнап соғылған кiшкене мазарға жерленедi. Кейiн бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. Деректерде Қожа Ахмет Иассауидiң ХХ ғасырда салынған құлауға жақын тұрған мазарын көрген Әмiр Темiр мұны бұзып, орнына жаңасын салуға әмiр еткендiгi айтылады. Әмiр Темiрдiң ұсақ-түйекке дейiн есептеп барып берген нұсқауында кесененiң негiздерi алдын ала анықталып көрсетiлген-дi. Қожа Ахмет Иассауи кесенесiн исламның Қазақстандағы басты орталығы ретiндегi дiни қызметiне тосқауыл қоюға негiзделген кеңестiк тоталитаризмнiң әрекеттерi дiттеген жерiне жете алмады. 1978 жылы қыркүйекте Қожа Ахмет Иассауи республикалық мұражайы ашылды. 1989 жылы 28 тамызда Қазақстан Үкiметiнiң шешiмiмен “Әзiрет Сұлтан қорық мұражайы” ашылды. Қожа Ахмет Иассауи кесенесi ЮНЕСКО-ның қызыл кiтабына енгiзiлдi. Қазақстан Үкiметi түркиялық фирмалармен бiрлесе отырып Қожа Ахмет Иассауи кесенесiн толық қалпына келтiру жұмысын аяқтады.

Қасиеттi Түркiстандағы бұл кесенеге келiп–кетiп жатқандардың қарасы мол. Бұл жерде ғылыми конференциялар өтiп, көптеген ғалымдар және қоғам қайраткерлерi, жазушы-ақындар бұл жердi туризм аймағына айналдыру керек деген өз ойларын айтып та кеттi. Негiзгi идеялар сылдыр сулы сөзбен, көл-көсiр той жасаумен, мемлекетке алақан жайып, қаржы сұраумен бiтпейтiн шығар. Нақтысы керек.

Ақсүмбе – көне қала орны. Созақ ауданы Қаратаудың терiстiк жағында Ақсүмбе өзенiнiң сол жағалауында орналасқан. Қаланы 1946 жылы Оңтүстiк Қазақстан археологиялық экспедицияны (жетекшiсi академик Ә. Марғұлан) басқарған, 1947 жылы археологтар Е.И. Агеева, Г.И. Пацевич зерттеген. Қазiргi кездегi көрiнiсi тiк төртбұрышты төбе, биiктiгi 1м, солтүстiктен оңтүстiкке қарай 75 метр, шығыстан батысқа қарай 60 метр. Қала топырақ дуалмен қоршалған. Төрт бұрышында қарауыл мұнаралардың орны байқалады. Оңтүстiк-шығыс жағында бұрышта орталық қоғаны сақталған. Оның көдемi 25Х25 метр. Қазiргi кездегi биiктiгi 0.5 метр, төрт бұрышында мұнара орны көрiнедi. Қала орнынан жинастырылған қыш ыдыстардың жасалуына қарап ғалымдар қала тұрғындарының 10-15 ғасырларда өмiр сүргендiгiн анықтады.

Ақсүмбе мұнарасы (13-14 ғасырлар)–архитектуралық ескерткiш. Созақ ауданының Ақсүмбе ауылында биiк төбеде орналасқан. Деректерде Дештi Қыпшақ жерiндегi бақылау мұнарасы ретiнде айтылады. Шикi кiрпiштен тұрғызылған. Табанының диаметрi 10 метр. Мұнара мен iшкi баспалдақтары жартылай бұзылған. Солтүстiк бөлiгiнде арқалық қуыс сақталған.

Баб Атаның құлаған мазарының орнына күйдiрiлген шаршы кiрпiштен, ортағасырлық дәстүрлi композициялық үлгiде 19 ғасырда тұрғызылған. Құрылыстың астыңғы негiзгi бөлмелерi төртбұрышты. Кесененi зәулiм биiк етiп көрсетiп тұрған бас күмбез сегiз қырлы барабан үстiне салынған. Шағындау екiншi күмбез де осы үлгiнi қайталайды. Кесененiң қас бетiнде порталы бар. Оның қос мұнарасы мен арқасы құраған. Баба атаның күмбезiнде намаз оқитын үлкен бөлме, сағана, дiни-рәсiмдiк, т.б. бөлмелер бар. Мешiт пен сағана арқалы қуыстармен, михраб пен күмбездердiң iшкi жағы жазулармен, өсiмдiк өрнектерiмен безендiрiлген. Бөлмелер сыланып, әктелген, өрнектелген. Баба атаның күмбезiнiң үлгiсi Әбдiжәлел баб кесенесiне ұқсайды.

БАБА ТҮКТl ШАШТЫ ӘЗlЗ МАЗАРЫ –тарихи ескерткiш. Бұл ескерткiш төңiрегiнде де аңыз-әңгiмелер көп. Ол кез-келген азаматты қызықтырады. Ескерткiш Созақ ауданы Құмкент ауылы маңындағы ашық жерде су қоймасының қасында орналасқан. Шойтасы iргетас үстiне күйдiрiлген кiрпiштен қаланған. Қасбеттiк композицияға құрылған бiр үйлi мазар. Төртқырлық жұмыр мойындыққа орнатылған еңселi күмбезбен көмкерiлген. Қас-бетi тегiс, әшекейi жоқ, тайыз әрi сүйiр қуыс жасалған ортасында кiре берiсi бар, қос босағасында шағын бедерлi мұнара орналасқан. Iшкi құрылымында шаршы үйдiң өзегi бойынша сүйiр арқалар салынған, күмбез осы арқаларға тiреледi. Қабырғаларына сылақ жүргiзiлiп, әктелген. Үйдiң ортасына кiрпiштен қаланған құлпытас орнатылған. Бұл күндерi бұл аймаққа да туристер легi ағылып, тәуеп етуге келiп жатыр. Мұнда да бiрқатар құрылыс жұмыстары жүргiзiлген. Әлi де атқарылатын жұмыстары жеткiлiктi.

МӘРТӨБЕ (Майтөбе) – Сайрам маңындағы жота. ХVII ғасырдың екiншi жартысында елдiң iшкi саяси өмiрiне қатысты мәселелердi шешу үшiн мәртөбе жотасына үш жүздiң игi жақсылары жыл сайын мәслихатқа жиналып отырған. Онда ел тыныштығын сақтау, жаудан қорғану, көшi-қон тәртiбi, қоныстарды бөлу, реттеу, тайпа, ру араларындағы дауларды бiтiстiру мәселелерi қаралып, талқыланған.

Ендiгi жерде бұл аймақты да туристiк және жастарды отансүйгiштiк рухта тәрбиелейтiн орталыққа айналдыру идеясы туып жатыр. Бұл жаңа әкiм Әуелхан Тұрғымбековтiң игi бастамасы.

Алматыда өткен бүкiлдүниежүзiлiк туристiк ұйымының отырысында 42 елдiң өкiлi Қазақстанда туризмдi дамытудың мүмкiндiгi мол деп атап көрсеттi. Қазiрдiң өзiнде Қазақстанда мыңнан астам туристiк ұйымдар 80-нен астам шетелдiк әрiптестерiмен iскерлiк байланыс орнатқан.

Қазақстанда туризм кластерiн жетiлдiру бағытында “Қазақстан кластерiн дамыту” жобасы ұсынылды. Бұл кластерлiк жобада туризм де бар. Алғашқы жоба жылына әдемi әсем табиғаты бар, таулы аймақтарымен көз сүрiндiретiн, жылына 760-тан астам туристер келетiн Алматы қаласы мен Алматы облысында жүзеге аспақ. Бұл жоба одан кейiн табиғи-тарихи ескерткiштерге бай Оңтүстiк Қазақстан облысында iске аспақ. Дегенмен бұл жоба тек жоғарыдағы аталған аймақтарда ғана емес, Қазақстанның кез келген облыстарында жүзеге асуы мүмкiн. Ол үшiн сол аймақтардың туризмнiң дамуына үлес қосатын мүмкiндiктерi жете зерттелiп, сарапқа салынбақ.

Оңтүстiк Қазақстан облысында туризмнiң әр саласын дамытуға мол мүмкiндiктер барлығын шетелдiктер де мойындап отыр.

Балтабек ТYЙЕТАЕВ

Серіктес жаңалықтары