"Болливуд жұлдызы ма деп қалдым": Актер Берік Айтжанов жас күніндегі суретін көрсетті (ФОТО)

/
"Болливуд жұлдызы ма деп қалдым": Актер Берік Айтжанов жас күніндегі суретін көрсетті (ФОТО)
instagram.com/berik_aitzhanov. Суретте: Берік Айтжанов

Танымал қазақ актері Берік Айтжанов әлеуметтік желіде жастық шағындағы фотосын жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп turkystan.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесі Instagram парақшасында ескі суретін бөлісіп, оған қысқаша жазба қалдырған.

"20 жастағы өзіме айтарым – асықпа. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Кейде жолың тым ұзақ болып көрінеді, кейде бәрінен шаршайсың. Бірақ дәл сол қиындықтар сені шыңдайды. Адамдардың сөзіне емес, жүрегіңдегі арманға сен. Қателесуден қорықпа, жоғалтудан қорықпа. Өнерде ең маңыздысы – шынайылық пен сабыр. Бір күні сен армандаған рөлдер де келеді, өзіңді түсінетін көрермен де табылады. Тек жолдан тайма, және… ата-анаңның жанында көбірек уақыт өткіз. Өмір өте тез өтеді", – деп жазды актер.

Алайда желі қолданушыларының бір бөлігі актердің жастық шағындағы келбеті қазаққа онша ұқсамайтынын жарыса пікір етіп жазды.

"Басында Болливуд жұлдызы ма деп қалдым", Мен де Бразилия жігіті екен деп ойладым", "Үндіске ұқсап тұрсыз", "Оңтүстік Американың адамдарына ұқсап кеттіңіз", "20 жасыңызда қазаққа ұқсамайды екенсіз", "Мексикалық актерге ұқсайсыз", "Сіз қазақтың Рассел Кроуысыз", "Қазақ киносының ең сымбатты жігіті", "Көшпенділердегі" Әбілмансұр болып тұрсыз ғой", "Өте керемет айттыңыз. Осы сөздер балама керек болып тұр еді дәл уақытында", – деп пікір қалдырған оқырмандар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар