589
«SEІMAR SOCІAL FUND» ҚОРЫНЫҢ СЫЙЛЫҒЫ –«ТҮРКІСТАННЫҢ» ҚОРЖЫНЫНДА
«SEІMAR SOCІAL FUND» ҚОРЫНЫҢ СЫЙЛЫҒЫ –«ТҮРКІСТАННЫҢ» ҚОРЖЫНЫНДА
«Seіmar Socіal Fund» қоры 2005 жылы үздік журналистерге қоғамдық-саяси жобалар туралы хабар таратқаны үшін арнайы сыйлық тағайындаған болатын. Бес бірдей басылымның редакторына және бес бірдей журналиске қомақты сыйақы тағайындаған «Seіmar Socіal Fund» осы мақсатқа 50 000 доллар бөлген екен. Осы он сыйлықтың бірін «Түркістан» газетінің белді тілшілерінің бірі Гүлзина Бектасова иеленді. Бұл – руханият, әлеуметтік тақырыптарға жазылған өзекті материалдарымен көзге түсіп, терең ой қозғап жүрген журналистің еңбегінің жанғанының бір көрінісі. Әріптесімізге «ізденісің үнемі табысты, еңбегің жемісті бола берсін» деген тілек білдіреміз.
«Түркістандықтар»