Уәлибек ӘБДIРАИМОВ, «Шаншар» әзіл-оспақ отауының директоры:
Уәлибек ӘБДIРАИМОВ, «Шаншар» әзіл-оспақ отауының директоры:
Ертеде Уәлибек пен Жүсіп деген екі батыр болыпты. Елдің шетіне жау тиіп, елдің ақсақалдары жиылып, Уәлибек батырдың аулына келіпті. Уәлибек батыр ойында ешнәрсе жоқ, жайбарақат үйінде жатыр екен. «Ойбай, елді жау шапты, неғып жатырсың?», – десе, «Енді не істеу керек?» – дейтін көрінеді батыр. «Жауға қарсы шықпайсың ба, жігіттеріңді жина» дейді ақсақалдар. «Ой, жауға қарсы шығу үшін, құрал-саймандарымды дайындауым керек, жігіттерімді жинап, оларды шынықтыруым керек. Оған бес-алты ай уақыт керек. Мен қазір бара алмаймын» депті.
Содан ақсақалдар не істерін білмей, енді Жүсіп батырдың аулына келіп: «Жүсіп батыр бар ма?» деп айғайласа, Жүсіп батыр үйінен шығып келе жатыр дейді. Батырға «жау шапты» деп айтқаны сол-ақ екен, «Ойбай, аттан да аттан» деп еліне жар салып, үйлерін жығып, жігіттерін атқа қондырыпты. Ақсақалдар оның бұл қылығына: «Міне, батыр деген осындай болуы керек» десіп, разы болыпты. Жүсіп атқа қонып алып, сауыт-сайманын асынып, дайын тұра қалады. Ақсақалдар: «Ойбай, айналайын қазір емес, үш-төрт күннен кейін келеді» десе, «Үш-төрт күнге дейін күтіп отырам ба жауды. Өздері қай жақтан келе жатыр?» дейтін көрінеді. «Батыстан» деп көрсеткен екен, «Онда шығысқа қарай қашу керек» деп Жүсіп батыр безе жөнеліпті.
Күн ыстық. Уәлибек пен Жүсіп тоғайдың ішінде ыстықтап келе жатса, алдынан бір кішкентай көл көрінеді. Жүсіп асығыс шешіне салып, суға күмп береді. Күмп беріпті де, қайта атып шығып:
– Ойбай, суда крокодил жүр,–депті. Уәлибек болса, «Қазақстанда қандай крокодил» деп асықпай шешініп, суға күмп етіп түскен екен. Сөйтсе, судан крокодил атып шығып:
– Ойбай, суда бегемот жүр! — депті.