КӨКПЕН ТАЛАСҚАН МҰНАРА ЕСЕНТАЙ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫНДА ҚОНЫС ТЕППЕК

КӨКПЕН ТАЛАСҚАН МҰНАРА ЕСЕНТАЙ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫНДА ҚОНЫС ТЕППЕК

КӨКПЕН ТАЛАСҚАН МҰНАРА ЕСЕНТАЙ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫНДА ҚОНЫС ТЕППЕК
ашық дереккөзі
334

Кеше әл-Фараби даңғылының Есентай өзенімен қиылысында көп функционалды Есентай кешенінің құрылысы басталды. Осы кезге дейін мұндай алып кешендер әлемнің көптеген елдерінде де көрініс тапқан екен. Алғашында осы жобаны жүзеге асыру үшін көптеген қалаларды жоспарға алыпты. Соңында ұйымдастырушылар ақылдаса келе табиғаты сұлу, көркем қала Алматыға тоқтайды.

Алты ғаламат ғимараттан тұратын Есентай парк кешені Алматының мүлдем жаңа іскерлік, тұрғын және ойын-сауық орталығын құрайды. Аталмыш қалашықтың өз мейрамханасы, түрлі қызмет көрсететін апартаменттері, меншікті бақтары мен анклавтары бар үш тұрғын мұнараны, әлемдік санаттағы кеңселерді, жоғары технологиялы қауіпсіздік жүйесін, фитнес-орталығын және теннис клубы болады. Ең бастысы, алып ғимараттың ең ұшар басында орналасқан мұнарадан бүткіл Алатаудың тамаша пейзаждарын тамашалай аласыз…

Әлемнің атышулы ғимараттарының тұтас бір қатарын тұрғызған «Skіdmore, Owіngs&Merrіll» компаниясының (Нью-Йоркте орналасқан – Г.Б.) бүгінгі заманғы сәулет өнерінің шеберлері жобасын жасаған Есентай паркі – ТМД елдерінің аумағында әзірленіп жатқан алғашқы және жоғары масштабтағы жоба болып саналады.

Есентай кешені Iле Алатауының баурайының бойында қоныс тепкен. Оның аумағы 342000 шаршы метр жерді алып жатыр. Жобаны әзірлеген аталмыш компанияның сәулетшілері қазақтың ұлттық өнері мен ұлттық киімдерінің элементтерін де алып, оларды шыны қабырғаларды әшекейлеу үшін пайдаланбақ екен.

Бүгінге дейін SOM компаниясы әлемнің көптеген атақты ғимараттарын жобалап, тәжірибе жинақтаған екен. Олардың қатарында Нью-Йорктегі «Tіme Warner Center» мен «Freedom Tower» («Бостандық мұнарасы»), Дубайдағы «Дубай» мейманханасы, Токионың оратлығындағы «Mіdtown Tokyo» және Шанхайдағы «Jіn Mao Tower» зәулім ғимараты (Қытайдағы ең биік ғимарат) бар.

Ғаламат масштабты жобаның сейсмикалық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін LERA компаниясы АҚШ-та қабылданған сейсмикалық нормалар мен талаптарды жергілікті шарттарға бейімдеп, күші алапат жер сілкіністерінің ықтималдылығы ескерілген арнайы бетон конструкциясын құрған. Сөйтіп, Есентай кешенінде Орталық Азияда алғаш рет беріктігі теңдесіз Б60 бетоны қолданылатын болады. Ол бетондар өте күшті жер сілкінісінің өзіне шыдас береді дегенді алға тартады компания өкілдері.

Аталмыш жобаның жүзеге асырылуына «Казкоммерцбанкінің» де тікелей ықпалы бар көрінеді. «Банк Алматы қаласының әкімияты мен SOM және LERA секілді тамаша әлемдік брендтармен қатар, қала үшін соншалық маңызы бар жобаға қатысуды құрмет деп санайды. Есентай паркі Алматының тұрғындарына әлемнің алдыңғы қатарлы астаналарының деңгейіндегі жаңа өмір салтын ұсынады. Сондықтан біз жобаны қолдап отырмыз және оны қаржыландыруға қатысамыз», – дейді банктің Атқарушы директоры Мағжан Әуезов.

Сонымен, оңтүстік астананың төрінде Iле Алатауының баурайында ғаламат жоба дүниеге келді. Есентай өзенінің бойында жатқандығынан болар, жаңа паркті Есентай атымен атапты. Жеке кинотеатрлары, жеке мейманханасы, жеке сауда үйлерінен тұратын ғаламат жобаның құрылысы 2007 жылдың қазан айында аяқталатын көрінеді.

Гүлзина Бектасова

Серіктес жаңалықтары