ӨРКЕНИЕТ ПРОБЛЕМАСЫ

ӨРКЕНИЕТ ПРОБЛЕМАСЫ

ӨРКЕНИЕТ ПРОБЛЕМАСЫ
ашық дереккөзі

Материалдық байлықты ғана басты мүдде санап, рухани құндылықтарды соңғы қатарға ысырған жаһандану процесінің жойқын ағысына біз қандай күшті қарсы қоя аламыз? Ағылшын ғалымы Дэвид Кристалдың «Тіл ажалы» зерттемесінде жыл сайын жер бетінен шамамен 24 тіл жойылатындығы көрсетіліпті. Мұндай кері процеске енжарлық көзқарас таныту – рухсыздық, өйткені, кез келген тілдің жойылуы әлемдік ортақ мәдени байлықтың арсеналын құрайтын бүтін бір халықтың мәдениеті, тарихы мен рухани құндылықтары көз алдымызда тіршілікпен қоштасады.

1999 жылы Парижде, ЮНЕСКО-да қазақтың белгілі ақыны Мұхтар Шахановтың екі мыңжылдықтың тоғысындағы көкейтесті мәселелерді қозғаған, әлемнің көптеген тілдеріне аударылған «Өркениеттің адасуы» атты күрделі поэтикалық романының тұсаукесері өтті. Оның «Жазагер жады космоформуласы» (Шыңғыс ханның пенделік құпиясы) атты екінші романын 2002 жылы ЮНЕСКО өзінің арнаулы шешімімен «Жібек жолы бойындағы ғылым мен руханият» атты Халықаралық конференция шеңберінде «Тәубеге келу және тарихи — рухани жадыдан ажырау қатері» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізіп талқылады.

Ал, М.Шахановтың жалпығылыми заңдылықтарға негізделіп жазылған «Тілсіздендіру анатомиясы» атты поэмасынан алынған «Тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы» атты бөлімі осызаманғы өркениеттің аса бір ділгір проблемасын көтереді. Қалай десек те, бүгінгі таңда әлем материалдық игіліктің берік рухани іргетасқа қалануы қажеттігіне көз жеткізгендей. Жанталасқан жаһандану процестерінің аясында әр ұлттың төл мәдениетіне, ана тіліне біржақты немқұрайды көзқарастардың қалыптасуы жеке адам тағдырына және қоғамдық ортаға сіңіріліп, адами мұралық тамырдың құнсыздануына алып баруы кәдік. Ұсынылып отырған тұжырымдаманы әлемдік деңгейде қолдау – қордаланған аса маңызды рухани проблемалардың шешілуін тездетері хақ.

Сергей Михалков,

Халықаралық Жазушылар одақтары қауымдастығының төрағасы, Социалистік Еңбек Ері, Ресей ғылым Академиясының академигі.

Евгений Евтушенко (Ресей)

Феликс Кузнецов,

Ресей Жазушылар одағының тең төрағасы, Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі.

Ондар Чылгычы Чимит Даржуевич,

Ресей Федерациясы мемлекеттік Думасының депутаты, Тыва Республикасы Жазушылар одағының төрағасы.

Николай Переяслов,

Ресей Жазушылар одағының хатшысы.

Эр-Тардуш (Б.Бедюров),

Ресейдегі түрік халықтары Құрылтайының төрағасы.

Алексей Григорович,

Ресей ұлттық бірлестіктері Конгресінің төрағасы.

Наталья Харлампьева,

Саха (Якутия) Жазушылар одағыының төрайымы.

Шыңғыс Айтматов (Қырғызстан).

Режеп Өзәл,

Түркия Ұлы ұлттық Мәжілісінің депутаты.

Бедретин Далан,

Эдитопе университеті өкілеттік Кеңесінің төрағасы, профессор (Түркия).

Анар (Әзірбайжан).

Фридрих Хитцер (Германия).

Мехмен Бахти,

Тәжік Республикасы Маджилисінің депутаты,

Тәжікстан Жазушылар одағының төрағасы.

Абдел Маужуд Ал Хабаши,

жазушы, Египет Араб Республикасының Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, философия ғылымының докторы.

Мазен Шамия (Палестина).

Анна Бландиана (Румыния).

Адриан Паунеску,

Румыния Парламентінің сенаторы,

Еуропа Парламенті Ассамблеясының мүшесі.

Андржей Вержбицки (Польша).

Ито Тецо,

Жапонияның Қазақстан Республикасындағы

Төтенше және өкілетті елшісі.

Иван Драч,

ақын, Украинаның Халық депутаты.

Орал Мұхамеджанов,

Қазақстан Республикасы Парламенті

Мәжілісінің төрағасы.

Тоқтар Әубәкіров,

ұшқыш-ғарышкер, Совет Одағының батыры, Халық қаһарманы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Ермұхамет Ертісбаев,

Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрі, саясаттану ғылымының докторы, профессор.

Сергей Терещенко,

Қазақстан халықтары Аассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының төрағасы.