Қазақстан Мұсылмандары дiни басқармасының мәлiмдемесi

Қазақстан Мұсылмандары дiни басқармасының мәлiмдемесi

Қазақстан Мұсылмандары дiни басқармасының мәлiмдемесi
ашық дереккөзі
319

Қазақстан мұсылмандар қауымының өкiлеттi өкiлi болып табылатын – Дiни басқарма Ислам мәдениетi төңiрегiнде туындаған жағдайға байланысты өз көзқарасын мiндеттi түрде бiлдiру керек деп санайды. Соңғы уақытта бiр жарым миллиардты құрайтын мұсылман әлемiнiң өз бетiнде арандатушы келемеж сурет жариялаған даниялық бiр басылымның iс-әрекетi туралы ренiшке толы пiкiр айтып жатқаны байқалады.

Ел мұсылмандары адамзатқа iзгiлiк пен бейбiтшiлiксүйгiштiктiң тамаша ұстанымдық iлiмдерiн жеткiзушi Мұхаммедке (с.ғ.с.) қатысты жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарының адамгершiлiк аясынан шыққан әдепсiз жарияланымын бiздiң ел мұсылмандары жатырқаған сезiммен терiске шығарады. Дiндес бауырларымызға ынтымақтастық пен қолдау бiлдiре отырып, Қазақстан Мұсылмандары дiни басқармасы оларды ашу-ыза мен лап етер сезiмге берiлмей ұстамды бола түсуге шақырады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi мен мәдениет қайраткерлерi түрлi сенiм мен көзқарастағылар арасында бiрлiк пен ынтымақты сақтаумен қатар, оны көздiң қарашығындай қорғау да қажеттiгiн терең түсiнiп сезiнедi деп үмiт артамыз. Сондықтан, әрбiр iзгi ниеттi жан кейбiр келте ойлы, жауапсыз адамдар тарапынан тосын iс-қылық байқала қалса, парасаттылық танытып, оны дер кезiнде тыйып тастауға тиiс.

Мұсылман, христиан, иудей және тағы басқа да дiндердi ұстанушылар тек бiрлесе күш салуымен ғана өзара түсiнiстiк пен өзара сыйластыққа қол жеткiзе алады. Бiздiң ел мұсылмандары әлемнiң басқа да мемлекеттерiндегi рухани бауырларымызды өз құндылықтары мен озық дәстүрлерiн құрметтеуге шақырады.

Серіктес жаңалықтары