БӘЙМЕНОВ ДЕПУТАТ БОЛҒЫСЫ КЕЛЕ МЕ?

БӘЙМЕНОВ ДЕПУТАТ БОЛҒЫСЫ КЕЛЕ МЕ?

БӘЙМЕНОВ ДЕПУТАТ БОЛҒЫСЫ КЕЛЕ МЕ?
ашық дереккөзі
254

«Ақ жол» партиясының төрағасы Әлихан Бәйменов Астанада БАҚ өкiлдерiмен кездескен кезiнде өздерiнiң депутаттық мандатын пайдаланатындығын тiлге тиек еттi. «Өткенге салауат деген. Сайлау өттi. Ендi партия елдi алға жылжытатын iстерге мұрындық болуы керек. Ал партияның мандатына келсек, Парламентке мен барам ба, жоқ әлде, менен кейiнгi тiзiмде тұрған адам бар ма, оны съезд шешедi. Бiрақ, мүмкiндiктi пайдалану керек» дейдi. «Ақ жол» партиясының осыдан бiр жарым жыл бұрын өткен парламенттiк сайлауда партиялық тiзiммен бiр мандатты иеленгенi бар. Алайда, ол кезде Бәйменов мырза сайлаудың әдiл өтпеген деп, Парламентке барудан бас тартқан едi. Ендi депутаттық мандатты қайырып алмақ болып отыр. Дегенмен, депутаттық мандат иегерiнiң тағдырын партияның наурыз айында өтетiн съезi шешедi. Ал осыдан бес-алты күн бұрын, яғни ақпанның 4-де партияның аймақтық филиалдары мен өкiлдiк басшыларының қатысуымен партия Төралқасының кеңейтiлген мәжiлiсi өткен-дi. Сол кезде партияның президент төрағалығымен өтетiн демократизациялау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның жұмысына қатысу жайы да талқыланғaн көрiнедi. Әрi күнi кеше өткен президенттiк сайлауға қатысуға мүдделi бола тұрып, додадан шығып қалған экс-сенатор Уәлихан Қайсаров «Ақ жол» партиясының мүшелiгiне өтiптi. Бұл қадам Уәлихан Қайсаровтың саяси салмағын кемiте түсетiндей боп көрiндi бiзге.

Айтпақшы, Әлихан Бәйменов «Парламентке мен барам ба, жоқ әлде менен кейiнгi тiзiмде тұрған адам бара ма, оны съезд шешедi» деп салды. Жуланованы Парламентке жiбере қою да екiталай дүние. Сондықтан, ол мандатты Бәйменовтiң өзi пайдалануы бек мүмкiн…

Гүлнәр Мұқанова

Серіктес жаңалықтары