«Бардак» базарлар жойылады

«Бардак» базарлар жойылады

«Бардак» базарлар жойылады
ашық дереккөзі
618

Шымкенттегі «бардак» базарларды реттеу туралы көкейкесті мәселенің көтерілгеніне көп болды. Шымкент қаласының ортасында орналасқан «Қырғын базардың» айналасында көліктердің жүруі қиындап, қашаннан бері проблема болып келеді. Бейресми мәліметтерге қарағанда, қазіргі таңда 30 мың автокөлікке арналып салынған жолдарда 100 мыңнан астам автотранспорт құралдары қатынайды екен. Мұның өзі жоғарыдағы қиыншылықтардың пайда болуына әкеп соққан факторлардың ең негізгісі.

Базарларды реттеу үшін Шымкент қаласының Бас жобасы бойынша заман талабына сай жаңа базарлар бой көтереді. Ол базарлар көркейіп келе жатқан Шымқаланың шеткері аймақтарында орналасады. «Бардак» базарларды реттеудің сәті енді келген сияқты. Көктем шығып, күн жылынатын тұста бұл проблеманы тездетіп шешуді шымкенттік шенеуніктер мықтап қолға алмақ.

Балтабек ТYЙЕТАЕВ

Серіктес жаңалықтары