АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ АЛҒА БАСТЫ

АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ АЛҒА БАСТЫ

АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ АЛҒА БАСТЫ
ашық дереккөзі
389

Облыстық ішкі саясат департаменті бір жылдық жұмысын қорытындылап, оңтүстік өңірінің идеологиясында нендей жұмыстар атқарылып жатқанын жұртқа жария етті. Департамент басшысы Ұласбек Сәдібеков мырзаның мәліметіне қарағанда облыстағы идеология жұмыстарымен айналысатын мекеме өткен жылы «Сәт» пікірсайыс клубын құрып, біраз келелі мәселелерді талқылапты. Қоғамдық ұйымдар мен әр түрлі бірлестіктерінің басқаруымен «Сәтте» экономика, экология тақырыптары кеңінен талданған.

Департаменттің мәліметінше: облыс аумағында саяси партиялардың 11 филиалы, 350 үкіметтік емес ұйым бар. 17 конфессияға енетін 634 діни бірлестіктің 540-ы исламдық, 94-і өзге бағыттарда жұмыс жүргізеді. Мұнымен қоса, Египеттен – 1, Испаниядан – 2, Пәкістаннан – 1, Оңтүстік Кореядан – 12 миссионер келіп, Оңтүстікте үгіт-насихат жүргізуде.

Ресми мәлімет бойынша: Оңтүстік Қазақстанда 301 газет, 18 журнал, 23 телеарна, 9 радио, 1 ақпарат агенттігі, барлығы 352 ақпарат құралы тіркеліпті. 2004 жылы БАҚ арқылы мемлекеттік саясатты жүргізуге 61 млн. 453 мың теңге жұмсалыпты. 2005 жылы қаржы көбейіп, 81 млн. 721 мың теңге ақпараттық саясатқа арналыпты. Қомақты қаржыны тендердің тәсілімен 4 мемлекеттік, 12 жеке меншік БАҚ иеленген.

Облыста 5670 респондентті қамтыған ең үлкен сауалнама қорытындысы да жарияланды. Сауалнама негізінен әкімдердің ел ортасында қандай жұмыс атқарғанын білу мақсатында алынған болатын. Оның натижесінен аудан, ауыл әкімдерінің халық алдындағы абырой-беделіне көз жеткізуге болады.

Сондай-ақ, шекара маңындағы тұрғындар мен оралмандардың көңіл-күйі мен мұң-мұқтажын білу мақсатында да сауалнамалар ұйымдастырылған.

Осы жүргізілген іс-әрекеттердің барысында басшылар мен қарапайым халық арасында іскерлік қарым-қатынасының қалыптасуында біршама нәтижеге қол жеткізе алдық, – дейді Сәдібеков мырза.

Балтабек ТYЙЕТАЕВ

Серіктес жаңалықтары