ТІЛ САЛАСЫНДАҒЫ ОҢ БЕТБҰРЫС

ТІЛ САЛАСЫНДАҒЫ ОҢ БЕТБҰРЫС

ТІЛ САЛАСЫНДАҒЫ ОҢ БЕТБҰРЫС
ашық дереккөзі
250

Оңтүстік Қазақстан облысы Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасын белгілі жазушы Мархабат Байғұт басқарғалы бері оңды бетбұрыстар орын алып келеді. Басқарманың жұмысы да шираған.

Басқарма 2005 жылы 24 облыстық мекемені, екі қала мен бес ауданды, Шымкент қаласындағы сегіз білім беру мекемесі мен халыққа көмек көрсететін 12 ұйымдағы «ҚР Тіл туралы» Заңының орындалуын тексерген. Осы тексерулердің нәтижесінде мемлекеттік маңызы бар тіл саласына немқұрайлы қарайтын басшылардың жауапкершілігі арттырылды.

Өткен жылы облыс әкімінің аппаратының «Мемлекеттік қызметкерлерді даярлау орталығы» мен «Шымкент қалалық қазақ тілін оқыту және салт-дәстүрін насихаттау орталығында» 493 адам мемлекеттік тілді оқып-үйрену курсынан өткен.

Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде облыстағы қазақ мектептері 699-ға, балабақшалар саны 109-дан 117-ге, аралас тілді балалар бақшасындағы қазақ топтары 289-дан 309-ға көбейген.

Өткізілген маңызды байқаулар да өз нәтижесін берді. 10 жастағы мектеп оқушыларының арасында «Мен көп тілді білемін», студенттер ортасында «Полиглот», өзбек мектептерінде «Мемлекеттің тілін білу – парызың» деген тақырыптағы байқаулар есте қаларлықтай болды.

Сондай-ақ, тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың қала көшелеріндегі жарнама тақтайшалары мен маңдайша жазуларын жөнге келтіруде біршама жұмыстар атқарғаны белгілі. Бұл олқылықтарды бір күнде түзету мүмкін емес. «Ерінбеген етікші болады» дегендей, тіл басқармасы қызметкерлері ерінбей жүріп, тіл саласындағы олқылықтарды түзетіп те қояр.

Балтабек ТYЙЕТАЕВ

Серіктес жаңалықтары