Қадірлі оқырман!

Қадірлі оқырман!

Қадірлі оқырман!
ашық дереккөзі
270

Әрбір салиқалы басылымның алға қояр мақсаты болады. Ең әуелі біз Сіздердің биік талғамдарыңыздан шықсақ дейміз. Қолдан келгенше ұлтымыздың рухани байлығын одан әрмен ұлғайтуға көмектессек екен деген талабымыз таудай. Өзіміз есігін жаңа ашып, табалдырығынан енді аттаған ит жылының алға қояр биік талаптарының үдесінен шығу, жаңа заман, үздіксіз даму үстіндегі өркениеттің ілгері беттеген салтанатты керуеніне ілесу жеңіл міндет емес. Сол керуеннің қатарындағы, өздеріңіз сүйіп оқитын «Түркістан» газеті алдағы уақытта да оқырмандарын өзекті, салмақты, қызықты мақала-сұхбаттармен қуантып отырмақ. Жаңа жылда газетімізге тың жаңалықтар да енгізуге тырысамыз. Көпшіліктің көңілінен шығады-ау деген үмітпен жаңа айдарлар ашып, жұртшылықты бей-жай қалдырмайтын тақырыптарды кеңінен қозғауға тырысамыз.

Осы игі мақсаттарымызға орай, алдағы нөмірімізден бастап ыңғайға қарай газетіміздің құрамдас бөлігі болып табылатын көп бояулы қосымшалар шығаруды қолға алып отырмыз. Газеттің мұндай қосымшаларын таратушылардан талап етіп, көзайым болуға толық қақылысыздар, құрметті оқырман!

Жаңа Жылдарыңызбен!

ТҮРКIСТАНДЫҚТАР

Серіктес жаңалықтары