Аппарат басшысы

Аппарат басшысы

Аппарат басшысы
ашық дереккөзі
524

Кезiнде Ресейде Президент әкiмшiлiк басшысы Чубайс, өзiмiзде Әбiқаев, Тасмағамбетов осы жауапты жұмыстарды атқарғанда, «мемлекеттегi екiншi адам» деп оппозиция айдар тағып, тулағаны есiмiзде.

Аппарат басшысы ең алдымен ұйымдастыру жұмыстарымен айналысады. Барлық саланың тыныс-тiршiлiгiн дөп басып, толассыз ақпараттар ағынымен де кездесiп күнделiктi сараптама жасап отырады.

Оңтүстiк Қазақстан облысында аппарат басшысы Әуелхан Тұрғымбеков туралы ел-жұрт жақсы пiкiрде. Бұл азамат әкiмшiлiк жүйеде ысылған, iскерлiгiмен көзге түскен кадр. Бұл жауапты қызметке ол Шардара ауданының әкiмi болып тұрған кезде келдi. Бұл облыс әкiмi Жылқышиевтың кадр саясатындағы дұрыс таңдауы деп бағаланды.

Шардара ауданының экономикалық және әлеуметтiк саласын көтердi. Қордаланған проблемаларды шешуге талпынды. Халықтың талап-тiлегiне, мұң-мұқтажына сергек қарады. «Нағыз әкiм осындай болса, ел-жұрттың қамын ойлайтын» деген әңгiме қалдыру билiктiң тiзгiнiн ұстаған кез келген азаматқа оңай шаруа емес.

Облыстың әкiмшiлiк аппарат басшысының қызметiн Әуелхан Елтайұлы Тұрғымбеков ел сенiмiнен шығатындай атқарып жүр.

Әкiмшiлiк жүйенiң тыныс-тiпшiлiгiн үйлестiру, арыз-шағымдармен жұмыс iстеу, халықтың талап-тiлегiн тыңдау, тапсырмалар берiп, оны қадағалау аппарат басшысының шаруаларына айналып жатады.

– Менiң басты мақсатым – кез келген азаматтың талап-тiлегiн тыңдап, қолдан келсе жақсылық жасау – дейдi өзiнiң азаматтық принцiпiнен айнымайтын азамат. Сондықтан сөз бен iстiң бiрлiгiн қалайтын, әкiмшiлiк жүйенiң жауапты қызметiнде жүрген Тұрғымбековке жемiс тiлеймiз.

Оңтүстiк Қазақстан облысы

Балтабек ТYЙЕТАЕВ

Серіктес жаңалықтары