«Ақ Орда» Астанада үлкен айтыс өткiзбекшi

«Ақ Орда» Астанада үлкен айтыс өткiзбекшi

«Ақ Орда» Астанада үлкен айтыс өткiзбекшi
ашық дереккөзі
670

Айтыс — Елбасының кандидатурасын қолдау үшiн ұйымдастырылды» дейдi ол. «Басқа кандидаттар өздерiн қолдау үшiн осындай айтыс өткiземiз деп ұсыныс жасаса болар едi, бiрақ, ұсыныс Ақ Орда тарапынан болды. Қайрат Сатыпалды айтыстың осы уақыттағы берер мүмкiндiгiн жақсы түсiнiп отыр» — дейдi Жүрсiн Ерман. «Айтысты демегеннен ұтылған ешкiм жоқ. Нұртай Сабильянов депутат болып кеттi, Мұхтар Құлмұхаммед президенттiң жанынан бiр-ақ шықты, осы айтысты қолдағанның арқасында Ермегияев Алаштың ардақты азаматы атанды» дейдi ол. Айтпақшы, «Алаштың ардақты азаматы» Ермегиявтың компаниясы «Алматықұрылысхолдингтiң» де осы айтыстың демеушiсi екендiгiн еске саламыз.

Бәлкiм, Қайрат Сатыпалдының қазiргi ойы президенттiң сайлаудан жеңiмпаз болуына қолғабыс жасау болса, түпкiлiктi ойы Құлмұхаммед секiлдi президенттiң жанынан (Билiк Олимпi төңiрегiнен) бiр-ақ шыққысы келiп жүрген шығар?

Қандай ойы барын кiм бiлсiн, бiрақ, Сатыпалды PR-технологияның жергiлiктi ұлт өкiлдерiнiң менталитетiне тез әсер етер әдiсiн жақсы таңдапты.

Айтпақшы, 1998 жылы да сайлау алдында дәл осындай айтыс өтiптi. Оны Жүрсiн Ерман «ең керемет айтыс болған едi» — деп еске алды.

Гүлнәр Мұқанова

Серіктес жаңалықтары