Иордания Қазақстаннан үлгi алмақ

Иордания Қазақстаннан үлгi алмақ

Иордания Қазақстаннан үлгi алмақ
ашық дереккөзі
360

Иордания жағдайы географиялық тұрғыдан алғанда Қазақстанға өте ұқсас. Таяу Шығыстағы аса iрi, дамыған мемлекеттер қатарына енетiн бұл корольдiк әлемдiк iрi державалардың мүдделерi тоғысып жатқан шиеленiстi тораптағы мұсылман мемлекетi. Араб мемлекеттерi мен Израиль, АҚШ зорлық-зомбылығындағы Ирак, соңғы кездерi БҰҰ тарапынан қысым көре бастаған Сирияның мәселелерi Иорданияның белсендi әрекетiнсiз ешқашан шешiмiн таппақ емес. Осыған орай, Абдулла II Хусейн де ұшқыр ойлы, әрбiр iс-әрекетiн үнемi електен өткiзе бiлетiн беделдi саяси басшы, әлемдiк тұрғыдағы қайраткер. Сiрә, кезiнде оның ағылшын арнаулы қызметiнде аса жоғары дайындықтан өткенi де бекер емес.

Екi ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас осыдан 12 жыл бұрын, дәлiрек айтқанда, 1993 жылы орнағанмен, өзара байланыстар тиiстi деңгейде жүргiзiлмегендiктен, ынтымақтастық пен сауда-саттық көрсеткiштер өте төмен деңгейде болып қалуда. Бүгiнде екi ел арасындағы тауар айналымы небары 40 млн. АҚШ доллар көлемiнде ғана болып отыр.

Алда мемлекетаралық экономикалық, мәдени және тарихи байланыстарды нығайту үшiн екi ел өкiлдерiнен арнаулы комиссия құрылып, олар көлiк қатынастарының тиiмдi жолдары мен мемлекеттердiң қай салада байланыс орнатуға болатынын сарапқа салып, нақты шешiм қабылдайтын уақыт жеттi.

Кездесу барысында мемлекет басшылары Қазақстан аумағында иорданиялық мамандардың қатысуымен фармацевтика зауытын салу, Қазақстан астығын осы елдiң сауда нарығына жеткiзу, сондай-ақ, туризм саласы бойынша өзара пiкiр алысты.

Кездесу кезiнде мемлекет басшылары бiрсыпыра ресми құжаттарға қол қойды. Атап айтқанда, тараптар ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрi Есетжан Қосыбаев пен Иордания ашемиттiк Республикасының Мәдениет министрi Әмин Махмұт мырза екi ел үкiметi арасындағы мәдениет саласы бойынша ынтымақтастық орнату туралы келiсiмге қол қойды. Астана қаласының әкiмi Өмiрзақ Шүкеев пен Аман қаласының мэрi Медал әл-Хамид мырза қос қала арасындағы бауырластық туралы меморандумға мөр басты. Түйiндеп келгенде, иорданиялық қонақтар қай салада да өздерi үшiн Қазақстан үлгi бола алатынын жасырмай айтты.

Жаңабек ШАҒАТАЙ

Серіктес жаңалықтары