СҚО-да куәліксіз көлік тізгіндеген 61 жүргізуші ұсталды

СҚО-да куәліксіз көлік тізгіндеген 61 жүргізуші ұсталды

СҚО-да куәліксіз көлік тізгіндеген 61 жүргізуші ұсталды
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысында жүргізуші куәлігінен айырыла тұра автокөлік басқарып жүрген тұлғаларды анықтау мақсатындаұйымдастырылған  бес күндік рейд барысында темір тұлпарды заңсыз тізгіндеген 61 азамат қолға түсті, деп хабарлайды 24.kz. Олардың тең жарымына жуығы спирттік ішімдік ішіп, рульге отырғаны анықталды. Аталған операция өңірде наурыздың 23-інен 27-сі күндері аралығында өтті. Заңды белден басқандардың ісі сотқа жіберілді. "Жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында жалпы 1671 жол қозғалысы ережелерін бұзушылығы анықталды. Оның ішінде 21 фактісі көлік құралын мас күйінде жүргізу, 61 фактісі жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілермен көлік құралын жүргізу тіркелді. 96 фактісі – көлік құралын құжатсыз жүргізу. Бұл фактілер бойынша барлық әкімшілік материалдар сотта қарастырылуда", - дейді облыстық ІІД ЖПҚ аға инспекторы Баян Байғаскина.