X Factor музыкалық шоуының жаңа маусымы басталады

X Factor музыкалық шоуының жаңа маусымы басталады

X Factor музыкалық шоуының жаңа маусымы басталады
ашық дереккөзі
Қазақстандағы ең ірі телевизиялық  X Factor вокалдық  шоуының  жетінші  маусымына  арналған баспасөз конференция  болып өтті. Бұған дейін өткен алты маусымы  халықтың зор ықыласына  бөленіп, жылдан жылға телекөрермендерінің  саны артты. Жоба көңілашар, шоу-бағдарламалар арасында танымалдылығы жағынан  рейтингтің  ең  жоғары  межелерін  бермей келді. Қазақстандағы X Factor дарындылар  шоуында алғаш  рет  іріктеудің  ең  маңызды  талабы өзгереді. Сайыста жасы 12-16 жас аралығындағы  үміткерлер бақ сынайды. Соған қарамастан X Factor  жобасының  жалпы  әлемдік ережелеріне  сәйкес, қатысушылардың  жасына  шектеу  қойылмайды. Жаңа  маусымда  бұған  қоса  ғаламтор  арқылы  кастинг  де  жүргізіледі. Барлық  үміткерлер  өздерінің  бейне-өтінімдерін  X Factor жобасының  сайтына жолдай алады.. Жоба  командасы дәл  осы тәсіл  шалғайдағы елдімекендер тұрғындарына  алдын ала  тыңдаудан  өтуде  ыңғайлы және  мұндай  мүмкіндікті  үш  мыңнан  астам  адам  пайдаланады  деп  күтуде. Биыл  ұйымдастырушылар  тыңдалымға  одан  да көп  адам келеді  деп  болжап отыр. Бірінші  кезекте  бұған қатысушылардың  жасына  қойылатын  шектеудің  төмендеуі (12 жастан жоғары) ықпал  етуі  мүмкін, сондай-ақ  X Factor   эфирде  болмаған  2 жыл  ішінде өнерлі  жастардың жаңа  буынының  өсуі – заңды құбылыс. Алдын  ала  тыңдауды  өткізу  үшін  жобаның  кастинг-тобы  Қазақстанның  бес қаласына – Өскеменге, Павлодарға, Астанаға, Шымкент пен  Аламтыға аттанады. Биылғы  маусымда тәлімгерлік  ететін  қазылар алқасының  мүшелері: Нағима  Есқалиева – Қазақстан Республикасының  Халық  әртісі, кеңестік  және қазақстандық эстрада  әншісі. Нұрберген Махамбетов – музыкалық продюсер, радиожүргізуші, диджей. Ділнәз Ахмадиева – Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген қайраткері, әнші. Жетінші  маусымда  жеңімпаз  атанатын  өнер  иесі  бас  жүлде  - 7 миллион  теңгенің   чегін  иеленеді.  

Назым Тойлыбаева