Жетімдер тағдыры телехикаяға арқау болмақ
Жетімдер тағдыры телехикаяға арқау болмақ
«Көркемфильм» кинокомпаниясы жетімдердің өміріне арналған телехикая түсірмек. Бұл туралы «Қазақстан» РТРК баспасөз қызметң хабарлайды.
Аталмыш телехикаяның сценарий авторы әрі режиссері – Рашид Сүлейменов. Телетуынды 64 сериядан тұрады. Алғашқы түсірілім жұмыстары 1 шілдеден басталады. Телехикая «Жасөспірімдер үйінде» тәрбиеленген жандардың тағдырына, олардың үлкен өмірге қадам басуын суреттейді.
Қазір «Көркемфильм» кинокомпаниясы актерлерді таңдау үшін кастинг жүргізетін болады. Кастингке балалар үйінің тәрбиеленушілері де қатысып, телехикаяда ойнауға мүмкіндік алады. Бұл хикая кейіпкерлерін бекіту үшін жүргізіліп жатқан кастингке өтініш қабылдау 14 маусымға дейін жалғасады. Үміткерлерді іріктеу 15-16 маусым күндері аталған кинокомпанияның кеңсесінде өтеді.