520
Заңсыз ақша жинау мәселесі талқыланды
Заңсыз ақша жинау мәселесі талқыланды
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаменті мен облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен білім саласына қатысты отырыс өтті. Жиында білім саласындағы сыбайластықты болдырмаудың жолдары талқыланды.
Алматыда ақша жинау туралы шағымнан соң 2 мектеп директоры жұмыстан қуылды Алматыда 3000 оқушы мамандықтар марафонына қатысып жатыр «Нөлінші» сыныпты енгізу неге бір жылға шегерілді - министр жауабы Облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековтың төрағалығымен өткен жиынға өңірдегі ұлттық бюро мен білім беру ұйымдарының басшылары, заң органдарының, кәсіподақ және халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері қатысты. Сондай-ақ бейне конференциялық байланыс арқылы қала-аудан әкімдері мен олардың салаға жауапты орынбасарлары, білім бөлімдерінің басшылары, колледж, мектеп директорлары да тыңдады. Жиын барысында қатысушылар мектептердегі заңсыз ақша жинау, сондай-ақ жұмысқа орналасу үшін пара беру мәселелері жиі орын алатынын сөз етті. Өз кезегінде Ұласбек Сәдібеков сыбайластыққа жол берген азаматтар жазасыз қалмайтынын жеткізді. «Аудандық білім бөлімі немесе әдістемелік кабинет мектептерден түрлі қажеті де, қажетсіз мәлімет пен есеп алдыртады. Сол берілетін мәліметтің сапасы төмен болса, мектеп мұғалімін қайта сандалту басталады. Мұның соңы пара ұсыну жағдайына дейін алып барады. Міне, осы мәселені жауапты азаматтарға қолға алуды тапсырамын», - деді Ұласбек Сәдібекұлы. Жиында пара алу кезінде ұсталған мектеп директорларына қатысты бейне түсірілімдер көрсетілді. Ондағы мәлімет бойынша 2017 жылы облыстың білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 19 іс тіркелген. Ал, 2016 жылы 7 оқиға орын алыпты. Сондай-ақ, жиында білім саласындағы сыбайлас жемқорлықты болдырмау, қызмет сапасын жақсарту мақсатында енгізілген цирландыру жүйесінің артықшылықтары кеңінен сөз болды. Электронды мемлекеттік қызметтерді насихаттау қажеттігі айтылды. Айталық, облыста оқушыларды бірінші сыныпқа қабылдау және мұғалімдерді жұмысқа тұрғызу процестері толығымен электронды форматқа өткізілген. Республикада алғаш рет қолға алынған жоба өзінің оң нәтижесін беріп келеді. Сонымен қатар қызмет беруші мен қызмет алушылардың арасындағы тікелей байланысты азайту үшін халыққа мемлекеттік қызметтерді электронды порталы арқылы алу тәсілдерін үйрету мәселелері талқыланды. Айта кетейік, бүгінде азаматтармен тиімді кері байланыс орнату мақсатында memkyzmet.kz сайтында арнайы «Білім» айдары мен +7 775 869 21 21 нөмірі бойынша WhatsApp желісі жұмыс істеуде.