Семей қаласына жаңа әкім сайланды

/
Семей қаласына жаңа әкім сайланды
gov.kz

Семей қаласының әкімі болып Әділет Қожанбаев сайланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы мәлімдеді.

Аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, 2025 жылдың 12 қазанда Абай облысы Семей қаласының әкімінің сайлауы өткен.

Сайлаушылар тізіміне сайлау округі бойынша 220 761 азамат енгізілген, олардың 118 553-і дауыс берген. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2482, ал "Барлығына қарсымын" деп 4310 сайлаушы дауыс берген.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

  • Бекжасаров А.Қ. – 9763;
  • Қожанбаев Ә.Н. – 89 441;
  • Төлеуов Қ.М. – 12 557.

Сайлау қорытындысы бойынша Семей қаласының әкімі болып Қожанбаев Әділет Нұрсағатұлы сайланған.

Айта кетейік, Әділет Қожанбаев 1980 жылы дүниеге келген. Ол бұған дейін Абай облысы Көкпекті ауданының әкімі болған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары