"Мигрант" операциясының нәтижесі қандай?

"Мигрант" операциясының нәтижесі қандай?

"Мигрант" операциясының нәтижесі қандай?
ашық дереккөзі
245
Заң бұзған мыңға жуық шетелдік елден шығарылды «Мигрант» операциясы кезінде заң бұзған 1000 шетелдік елден шығарылды, 7 мың шетелдік әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Егемен.   ІІМ заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылға және заңсыз мигранттарды анықтауға бағытталған «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды. Үш күн ішінде полицияның мобильдік тобы елімізге келу тәртібін бұзған 7 мың шетелдікті анықтап, әкмішілік жауапкершілікке тартты.  Сот шешімі бойынша 1000 шетелдік елден шығарылып, 700 адам қабылдау-бөлу орындарына әкелінді. Шетелдік жұмыс күштерін тарту және пайдалану ережесін бұзған 269 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды.   - Көші-қон, кримниналдық және әкімшілік полиция қызметкерлерінің жұмысы нәтижесінде көші-қон заңын бұзған үшін сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне 78 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, деп атап өтті ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов. – Іздеуде болған 14 қылмыскер ұсталды, оның ішінде 4-уі ТМД азаматы.   Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін барлығы 3 мыңнан астам шетелдіктің елімізде уақытша болу мерзімі қысқартылды.

Серіктес жаңалықтары