204
Ресей БҰҰ-да Сириядағы бітім туралы қарарды өткізбей тастады
Ресей БҰҰ-да Сириядағы бітім туралы қарарды өткізбей тастады
Ресей БҰҰ-да Сириядағы бітім туралы қарарды өткізбей тастады.
Ресей бесейнбі күні кешкісін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Сирияда 30 күндік бітім туралы қарарды қабылдатпай тастады. Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Василий Небензя Швеция мен Кувейт ұсынған қарар жобасын "жүзеге аспайтын құжат" деп атады.Қарар жобасын бұған дейін Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров сынаған еді. Оның пікірінше, бітім Мәскеудің террористік топтарға жатқызатын жасақтарға қатысты болмауы керек.
Олардың арасында Шығыс Гутадағы Сирия президенті Башар Асад режиміне қарсы шыққандар да бар. Қарулы оппозиция бақылауындағы дәл осы анклавтың атқылануынан соң БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы шақырылған еді.
Сириялық оппозиция мен халықаралық гуманитарлық ұйымдар осы айданға жасалған шабуылдан бейбіт тұрғындар қаза болғанын мәлімдеді. АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Хизер Нойерт Шығыс Гутадағы қантөгіс жауапкершілігін Мәскеуге артты. "Ресей Сирия билігін қолдамағанда, мұндай қантөгіс болмас еді", - деп мәлімдеді ол.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Шығым Гута "екінші Алеппоға" айналуы мүмкін екендігі айтылды.