Бердымұхамедов көктемде Ташкентке барады

Бердымұхамедов көктемде Ташкентке барады

Бердымұхамедов көктемде Ташкентке барады
ашық дереккөзі
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов биыл көктемде мемлекеттік сапармен Өзбекстанға барады, деп хабарлады Ташкенттегі түркімен елшісі Шири Шириев. Оның айтуынша, қазір тараптар екі ел президенттерінің кездесуіне дайындалып жатыр. Шавкат Мирзияев пен Гурбангулы Бердымұхамедов көптеген мәселелерді талқылайды. "Биыл біздің президент мемлекеттік сапармен Өзбекстанға барады. Сапар барысында көптеген мәселелер шешіледі. Әзірге күн тәртібіндегі мәселелер белгісіз, бірақ біз дайындалып жатырмыз. Сапардың нақты уақытын айта алмаймын, бірақ біз дипломатиялық қызмет өкілдерімен жұмыс істеп жүрміз. Сапар көктемде болуы мүмкін", - деп хабарлады дипломат. Соңғы мәрте Шавкат Мирзияев пен Гурбангулы Бердымұхамедов өткен жылы қыркүйекте Ашхабадта кездескен.