Бишімбаевты 12 жылға соттауды сұрады

Бишімбаевты 12 жылға соттауды сұрады

Бишімбаевты 12 жылға соттауды сұрады
ашық дереккөзі
   Мемлекеттік айыптаушы бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Жарыссөз кезінде прокурор Әлібек Айтжанов айыпталушының меншігіндегі қылмыстық жолмен алынған мүлігін тәркілеп, 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесу талабын білдірді. Мұнымен қоса, Қ. Бишімбаевқа қатысты өмір бойы мемлекеттік органдар мен коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтерді атқаруына рұқсат етілмеуі сұралды. Сонымен қатар, ҚР Президентіне экс-министр Қуандық Бишімбаевты «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізу де ескерілген. Еске сала кетсек, 2017 жылдың 10 қаңтарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын хабарлаған болатын. Ұлттық бюродан мәлім еткендей, ол бірқатар адаммен алдын ала келісіп, ірі көлемде бірнеше мәрте пара алды деп айыпталуда. Бишімбаев Қызылорда қаласында әйнек шығаратын және өңдейтін зауыт салу барысында «Orda Glass» ЖШС-ның ведомстволық бағыныстағы компаниясы мен оның мердігерлік ұйымы «Шымкентхиммонтаж» ЖШС арқылы 1 млрд теңге жымқыру қылмыстық схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Өткен жылдың 12 қаңтары күні Астана қаласы Алматы аудандық №2 соты Қуандық Бишімбаевқа қатысты оны «қамауға алу» туралы санкция берді. Тергеу нұсқасы бойынша, Бишімбаев заңсыз жолмен алған ақшалай қаражаттарын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Биыл қаңтарда экс-министр Бишімбаев ісі бойынша сотта жаңа айыптау актісі оқылды. Еске сала кетейік, бұған дейін Қуандық Бишімбаев Президент алдында айыпты екенін түсінетінін мәлімдеген еді.