Ағылшын соты Ильяс Храпуновтың арызын қанағаттандырмады

Ағылшын соты Ильяс Храпуновтың арызын қанағаттандырмады

Ағылшын соты Ильяс Храпуновтың арызын қанағаттандырмады
ашық дереккөзі
370
Ағылшын соты Ильяс Храпуновтың арызын қанағаттандырмады. Бизнес және меншік бойынша Ағылшын және Уэльс жоғарғы сотының король тағы бөлімінің судьясы Эндрю Смит активтерді пайдалануға тыйым салу туралы сот шешімін өзгерту туралы Ильяс Храпуновтың арызын қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. БТА банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Судья Храпуновтың банкке таққан айыптарының көпшілігі бойынша заң бұзушылықтарды байқамағанын айтты. «2015 жылғы 17 шілдесінде Ағылшын жоғарғы соты Мұхтар Әбілазов пен Ильяс Храпуновқа тиесілі активтерге тыйым салу туралы бұйрық шығарған болатын. Аталған бұйрықтың кесірінен Мұхтар Әбілязов пен Ильяс Храпунов активтері бойынша ешбір мәміле жасай алмай отыр. Сондай-ақ, үшінші тұлғалар банктің келісімінсіз және Ағылшын сотының рұқсатынсыз  Храпуновқа тиесілі активтермен жұмыс жасай алмайды. 2016 жылдың наурызында Ағылшын және Уэльс коммерциялық соты барлық активтерінің пайдалану мен мәмлелері туралы толық мәліметті жария етуге мәжбүрлеген болатын. Алайда Храпунов оны орындамады»,- деді банктің баспасөз қызметі. Енді активтерге салынған тыйымды бұзу туралы сот шешімін Храпунов апелляциялық тәртіпте даулауы мүмкін. Бұл процесс 1-2 айға созылмақ. «Жалпы алғанда БТА банкі Лондон мен Нью-Йорктегі кеңесшілерінің жұмысын жетілдіруге күш салып отыр. Банк ұрланған ақшаны Қазақстанға қайтаруға мүдделі»,- деді баспасөз қызметінен.

Серіктес жаңалықтары