270
Он бес цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
Он бес цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
Елімізде тағы он бес цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады Бүгін Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтті.
Кездесу барысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов 2017 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен биылғы жылдың мақсат-міндеттері туралы баяндады. Сондай-ақ ол былтыр 29 желтоқсанда іске қосылған бала туу бойынша проактивті қызмет желісімен де бөлісті. Осы жобаға сәйкес жаңа босанған 34 мыңнан астам әйелге мемлекеттік қызметтерді телефон арқылы алу ұсынысымен SMS-хабарлама жолданып, оның 16 мыңнан астамы бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланған. Проактивті мемлекетке көшуге бағытталған жоба аясында фронт-офиске бармай-ақ, тіпті үйден шықпай-ақ, туу туралы куәлік пен тиісті жәрдемақыларды рәсімдеуге, сәбиді балабақшаға кезекке қоюға болады. Жуырда жаңа туған баланы SMS көмегімен тұрғылықты жерге тіркеу қызметі де іске қосылады. «Биыл біз жылжымайтын мүлік иесінің мәліметтерінің өзгеруіне, зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік төленуіне, сондай-ақ мүгедектікті белгілеу мен атқарушылық іс жүргізуді қозғауға қатысты мемлекеттік қызметтерді көрсету барысын да проактивті тәсілге көшіреміз», - деді А. Оспанов. Сондай-ақ биыл халықтың цифрлық сауаттылығын 77 пайызға дейін арттыру көзделген. Осы мақсатта алдағы уақытта ел бойынша тағы 15 цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО) ашылады. Қазіргі таңда цифрлық ХҚО тек Астана қаласында бар.