Ресейде ұсталған қазақстандыққа консулды жібермей отыр

Ресейде ұсталған қазақстандыққа консулды жібермей отыр

Ресейде ұсталған қазақстандыққа консулды жібермей отыр
ашық дереккөзі
487
Қазақстан өткен айда Ресей билігі "террористік қауымдастыққа қатысты" деп айыптаған антифашистік қозғалыстың азаматтық белсендісі Виктор Филинковтың азаматтығын растады. Ресейдегі Қазақстан елшілігінің 13 ақпанда хабарлауынша, 1994 жылы туған Қазақстан азаматы Виктор Филинков 25 қаңтарда ұсталған, қазір Петербург абақтысында отыр. "Бас консулдық Ресейдің сыртқы істер министрлігінің Санкт-Петербургтегі өкілдігіне және Ресейдің құзыретті органдарына жүгініп, Қазақстан консулын қазақстандық азамат Виктор Филинковпен кездестіруге қолғабыс етуін, оған консулдық-құқықтық көмек көрсетуге рұқсат беруін сұраған. Қазіргі уақытқа дейін Ресей билігінен жауап келген жоқ. Жұмыс жүріп жатыр", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. Ақпарат құралдарының Филинковтың әйеліне сілтеме жасап хабарлауынша, ол 23 ақпанда кешке "Пулково" әуежайына бара жатқан жолда жоғалған. Филинков Киевке ұшуы керек болған. Түрмеге тексеруге келген Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелеріне Филинков өзін әуежайда ұстағаннан кейін азаптағанын айтқан. Комиссия құжаттарына қарағанда, Филинковтың денесінде электрошокермен күйдірген көптеген іздер қалған. Күдіктінің айтуынша, Федералдық қауіпсіздік қызметінің адамдары мен бетіне маска кигендер оны орманға алып барған. Филинковтың айтуынша, оны мойындау мәлімдемесін алу үшін азаптаған. Санкт-Петербургтегі сот 25 қаңтарда күдікті Филинковты екі ай қамауда ұстау шешімін шығарды. Тергеу нұсқасы бойынша, Филинков пен "білгісіз біреулер" "террористік қызмет, насихат, сондай-ақ терроризмді жақтау және оған қолдау көрсету" мақсатында топ құрған.

Серіктес жаңалықтары