Оралда жаңа алаңға Назарбаев есімін беруді ұсынды

  Оралда жаңа алаңға Назарбаев есімін беруді ұсынды

  Оралда жаңа алаңға Назарбаев есімін беруді ұсынды
ашық дереккөзі
367
Орал қаласында жаңа салынған шағын алаңға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беруді ұсынды. Орал қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрхат Жанбоздың айтуынша, мұндай ұсыныс қалалық қоғамдық кеңесте көтерілген. Қоғамдық кеңес жиынында қаладағы 6 және 7-ықшам аудандардың ортасындағы жаңа алаңға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру ұсынылған. Әкімдік баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл ұсыныс енді қалалық мәслихат сессиясында қаралады. Депутаттар ұсынысты қолдаса, одан ары республикалық ономастикалық комиссияның қарауына ұсынылады. Қазақстанда көше және нысанға Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі бұған дейін де берілген. Өткен айда Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутаттары Шымкенттегі Астана алаңының атын президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы алаң деп өзгерту туралы ұсынысты қолдағаны хабарланған. Былтыр қарашаның соңында Алматының орталығындағы совет кезеңінен бері өзгертілмеген Фурманов көшесі Назарбаев даңғылы деп өзгертілген. Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш президент күні қарсаңында қабылданған бұл шешімді «көптеген тұрғыннан түскен ұсыныс» деп түсіндірген.  

Серіктес жаңалықтары