10 Ақпан 2018, 13:25 619 0 Денсаулық Анар ЛЕПЕСОВА

Француз компаниясы Астанада бірегей онкологиялық орталық салады

Францияның «Vinci» құрылыс компаниясын Питтсбург Университетінің медициналық орталығымен бірге (the University of Pittsburgh Medical Center), осы жылы көктемде Астанада Орталық Азиядағы ірі онкологиялық орталықтың құрылысын бастамақ. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бұл нысанның бірегейлігі оның ракты емдеу саласындағы техника мен ғылымдағы соңғы жетістіктерге сай болуында. Заманауи кешен аурухана, емхана, қонақүйді біріктіретін болады», – дейді «Vinci» филиалының Астанадағы басшысы Тимур Джабуа. Ол мұндай құрылысты салудың идеясы мемлекет басшысына тиесілі екенін, 2011 жылы республикада әлемдік стандартқа сай медициналық кластер құру туралы тапсырма бергенін айта кетті. Осы бастаманың аясында Қазақстан астанасында Ұлттық онкологиялық орталықтың құрылысы туралы шешім қабылданды.

Тапсырыс беруші - «Назарбаев университеті» шықты. Олар кеңес беруге ракты емдеу саласындағы көшбасшы – Питтсбург университетінің Медициналық орталығын шақырды. 2016 жылы француздық Vinci халықаралық тендерде Астанадағы орталықтың құрылысын салуды жеңіп алды.

«Біздің міндетіміз Орталық Азиядағы жаңа орталықтың уақыт өте келе өз қадамын жайменен алға жылжыту. Сол себепті, технологиялық жабдықтауға көп көңіл бөлінуде, яғни болашақта Питтсбург медициналық орталығымен онлайн режимде жұмыс істей алуына, сондай-ақ осындай ірі еуропалық орталықтармен де байланыс орнату. Бұдан басқа, жаңа медициналық кешен онкология саласында халықаралық нормативке сай болуы тиіс», – деп түсіндірді Тимур Джабуа. Француздық компания жобаны іске асыру үшін өзінің таңдауында қазақстандық Bi Groupқа тоқтады.

«Жобалау қазір аяқталудың алдында тұр, сәуірдің соңы мен мамырдың басында құрылыстың бірінші кезеңін бастаймыз, яғни іргетасы қаланады», – деді Т.Джабуа. Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық Назарбаев университеті маңайы жақта орналасады және 5 гектардай жерді алады. Онда емдеудің жаңа технологиясы, инновация, алдыңғы қатарлы биомедициналық зерттеулер жүргізіледі. Орталық аймақта толықтай онкологиялық  жәрдем беруді қамтамасыз етуі тиіс.

 

 

Соңғы жаңалықтар