Ерлан Біләлге үкім шығарылды

Ерлан Біләлге үкім шығарылды

Ерлан Біләлге үкім шығарылды
ашық дереккөзі
Алматының Алмалы аудандық соты Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бұрынғы директоры Ерлан Біләлге үкім шығарды. 
ҚР Қылмыстық кодексінің  24-бабы, 3-бөлігі, 366-бабы, 2-бөлігінде (пара алуға оқталу) қарастырылған қылмыс жасады деп айыпталған Ерлан Біләл "Сезам" театрының басшысынан пара алғанын мойындаған болатын.  Соттағы соңғы сөзінде ол жасаған ісіне өкінетінін айтты. Әртіс судьядан денсаулығы мен отбасылық жағдайын ескеруді өтінген еді. Бас бостандығынан айырмауды, шығармашылық қызметтен қол ұзбеуі үшін атақтары мен марапаттарынан айырмауды, сондай-ақ, мүмкіндігінше айыппұл сомасын төмендетуді сұрады. Судья Қуаныш Әріпов айыпталушыға 52 миллион 500 мың теңге айыппұл салды. Сонымен қатар, оны кейбір мемлекеттік марапаты мен атағынан айыру туралы президентке ұсыным енгізді.