Ермегияев 5 тәулікке тәртіптік изоляторға қамалды

Ермегияев 5 тәулікке тәртіптік изоляторға қамалды

Ермегияев 5 тәулікке тәртіптік изоляторға қамалды
ашық дереккөзі
283
Ермегияев 5 тәулікке тәртіптік изоляторға қамалды. "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы сотталған Талғат Ермегияев тәртіп бұзғаны үшін 5 тәулікке изоляторға қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Сотталушы Талғат Ермегияев тәртіп бұзғаны үшін тәртіптік изоляторға бес тәулікке қамалды", - деп хабарлады ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіндегілер. Сондай-ақ, ведомстводағылар Талғат Ермегияевтің осыған дейін жазасын жеңілдетілген жағдайда өтегенін хабарлады. Еске сала кетейік, осыған дейін Ермегияевке жазасын жайлы өтеуіне жағдай жасаған жоғары лауазымды шенеуніктердің жазаланғаны хабарланған болатын. Биылғы 20 желтоқсанда ІІМ бұйрығымен заңдылықты бұзуға жол берген және қызметтік тәртіпті бұзған 16 лауазымды тұлға түрлі тәртіптік жазаға тартылған, оның ішінде біреуі теріс уәжбен ішкі істер органдарынан қызметтен босатылған, 12-сі қызметінен босатылған. Талғат Ермегияев 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Сонымен қатар, оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда жетекшілік қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды

Серіктес жаңалықтары