Елімізде автомобиль құрастыру ісі 3 есеге өсті

Елімізде автомобиль құрастыру ісі 3 есеге өсті

Елімізде автомобиль құрастыру ісі 3 есеге өсті
ашық дереккөзі
Елімізде автомобиль құрастыру ісі 3 есеге өсті. Қостанай облысында Мәжіліс депутаттары «Агромаш Холдинг» АҚ, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС еңбек ұжымдарымен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. Халық қалаулыларының айтуынша, ауыл шаруашылығы техникаларының ескіруі астық түсімінің азаюының бір себебі болып отыр. «Бүгінде ауыл шаруашылығы техникалары бірнеше жыл бойы қолданыста. Бұлар əбден ескірген. Ескі техника жанармайды көп жұмсайды, бұл тікелей экономикалық шығын. Сондай-ақ, əрдайым қосалқы бөлшектерді ауыстыруға тура келіп жатады. Бұл проблеманы «Агромаш Холдинг» АҚ әрдайым назарда ұстауы тиіс», - деді депутат Альберт Рау. Жиында белгілі болғандай, Қостанай облысында 11 712 трактор 17 жыл қолданылған. Оның 5 мыңы есептен шығаруға дайын. Қалған техникалар қолдануға мүлдем жарамсыз. Жалпы ескі техникалардың салдарынан биыл 817 мың тонна бастырылған жоқ. «2014-2015 жылдардағы дағдарыс автоөндіріс саласын да айналып өтпеді. Өндіріс көлемі 4 есеге кеміді.  Бір жағынан, отандық көліктерді шет елдерге шығару мәселесі өзекті. Дегенмен, мемлекеттің қолдауы арқасында автонесиелеу бағыты іске қосылды. Былтыр автомобиль құрастыру ісін 3 есеге көбейттік. Бұған қостанайлық машина құрастырушылардың қосқан үлесі зор», - деп атап өтті халық қалаулысы. Мұнан соң депутаттарға JAC, Peugeot, Ravon электр машиналары мен Iveco мектеп автобустары таныстырылды. Сондай-ақ, мәжілісмендер облыстағы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысымен таныспақ. Бүгін олар Заречный кентіндегі «Северный» ықшам ауданының құрылыс нысандарын аралайды.