Десантшы екі отбасын құтқарып қалды

Десантшы екі отбасын құтқарып қалды

Десантшы екі отбасын құтқарып қалды
ашық дереккөзі
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшісі подполковник Зәкір Қарашев қаруланған азаматтан екі отбасын құтқарып, қылмыскерді полицияға тапсырды, – деп хабарлайды NUR. Kz порталы. 1 қаңтар күні Зәкір Қарашев қыз баланың дүниеге келуіне байланысты досының үйіне отбасымен бірге қонаққа келеді. Әскери қызметшінің айтуынша, мерекенің нағыз қызған кезінде есікке қоңырау соғылады. Пәтер қожайыны есікті ашып, баспалдақ алаңына шығады. Көп кешікпей пәтердегі айқай-шу естіледі. Подполковник Қарашев досының соңынан шығып, оған кезелген жауынгерлік тапаншаны байқап қалады. Сөйтіп, қауіп-қатерді ойламастан офицер бейтаныс ер адамның қолынан қаруды қағып түсірді. Бірақ қылмыскер кенеттен қалтасынан гранатаны алып шығады. Әскери қызметші осы кезде қоян-қолтық ұрыс айла-тәсілін қолданып, шабуыл жасаған адамның қолынан суық қаруды жұлып алды. Кейіннен Алмалы АІІБ-де ұсталған адамда тапанша мен гранатадан басқа газ баллоны, бүктемелі пышақ және 200 доллар сомасында қолдан жасалған ақша болғаны анықталды. Бұдан бұрын ол ұрлық пен бұзақылық үшін ұсталған. Тінту барысында қолға түскен адам есіктен жаңылысқаны айқындалды.