Астанада Сирия жөнінде келіссөздің жаңа кезеңі басталды

Астанада Сирия жөнінде келіссөздің жаңа кезеңі басталды

Астанада Сирия жөнінде келіссөздің жаңа кезеңі басталды
ашық дереккөзі
Астанада Сирия жөнінде келіссөздің жаңа кезеңі басталды. Астанада 21 желтоқсанда Ресей, Иран және Түркияның бастамасымен Сирия жөніндегі келіссөздің сегізінші кезеңі басталды. Негізгі басқосулар 22 желтоқсанда өтеді деп күтіледі. Қазақстан СІМ баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов 21 желтоқсанда екіжақты және көпжақты кездесулер өткенін хабарлады, бірақ бұл кездесулер жайында нақты ақпарат бермеді. Ресей, Түркия және Иран БҰҰ араласуымен Женевада өтетін бейбіт келіссөзден бөлек Астана келіссөзінде Сириядағы соғысты тоқтатуға кепіл мемлекеттер ретінде қатысып отыр. СІМ ақпаратына сәйкес, Астана гарант-елдер делегациясын, Сирия үкіметі мен оппозициясын, БҰҰ өкілдерін және бақылаушы елдер — АҚШ пен Иорданияны қабылдайды. Күн тәртібіне қауіпсіздік аймақтарын құру, соғысты тоқтату режимін бақылау мәселелері енген. Сонымен бірге Сирияны минадан тазартуға байланысты қосымша әскер жіберу мәселесі де қаралады деп отыр. 2011 жылдан бері жалғасып келе жатқан соғыста Сирияда 300 мыңнан астам адам қаза тапты. Миллиондаған адам босып кетті. Сирия соғысында Ресей мен Иран елдің президенті Башар Асад режимін қолдайды. Ал Түркия мен Құрама Штаттар оппозициялық топтарға қолдау көрсететеді.