Әріптестері Төреғалидан халықтан кешірім сұрауды талап етті

Әріптестері Төреғалидан халықтан кешірім сұрауды талап етті

Әріптестері Төреғалидан халықтан кешірім сұрауды талап етті
ашық дереккөзі
Павлодарда өткен ән кешінде залда отырған қарияға аузына келгенін айтып, қуып шыққан Төреғали Төреәлі дүйім жұрттың наразығылығына ұшырады. Өнердегі әріптестері де, тыңдармандары да әншіден көрсеткен "қылығы" үшін халықтан кешірім сұрауды талап етуде. Тіпті, еліміздегі беделді радиолардың бірі "OrdaFM" Төреғали Төреәлінің барлық әндерін раидодан алып тастады. Бұл туралы NUR.KZ хабарлады. 

"OrdaFM" радиосының жетекшісі ретінде, кеше желіде тараған әнші Төреғали Төреәлінің сахнада көрсеткен "өнерінен" соң, біз радио ұжымы болып әншінің барлық әндерінің эфирден алынып тасталғанын хабарлаймын! Сахнадағы өрескел қылығы үшін концертке келген көрермендерден кешірім сұрауын талап етеміз!",- деп жазды радио жетекшісі Азамат Исаев желідегі парақшасында.

"Жігіттер" квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымов та Төреғалиға халықтан кешірім сұрауы керек деп есептейді.

"Ақылың бар жігітсің ғой, Төреш! Елден безіп қайда барасың? Кешірім сұрап, ел алдына шық! Шашпен сырғаны жыр ғып жүргенде, қате болыпты мұның. Концертте ел тұрып кетпегеніне қарағанда, сол залдағылар сені түсінген ғой. Қатең болса мойындап, анық - қанығын айт! Кешірімді xалықпыз, түсінер сені",- деп жазды ол Instagram парақшасында.

Сондай-ақ шоу-бизнес саласында жүрген продюсер Зарина Мүсілім: "Бұттарына тырысқан шалбар киіп, құлақтарына сырға тақты" деп жас жігіттерді сынаған ағалардың Төреғалиға келгенде үндемей отырғанына қынжылды.

"Баяғыда бір топты сәнді джинси кигені үшін: "Бұттары түскен шалбар кигені несі?" деп сынаған еді ағалар. Былтыр бір топпен имидж үшін бір сахнада өнер көрсетуден бас тартып еді. Неге сахнада боқтық айтып тұрған әншіге қарсы ешқайсысы ештеңе жазбай жатыр? Журналистерді ренжіткенде үндемеді ешкім. "Әр қазақ менің жалғызым!"- деп жүргендер залдағы мың қазаққа түкірді?",- деп ашынды Зарина.