Түрік зиялыларының 2-ші басқосуы өтті

Түрік зиялыларының 2-ші басқосуы өтті

Түрік зиялыларының 2-ші басқосуы өтті
ашық дереккөзі

Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығы аясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау мақсатында Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінде Түрік зиялыларының 2-ші басқосуы өтті.

Басқосуға Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті кеңесінің төрағасы Мұса Йылдыз, Түркияның көрнекті ғалымы Ахмет Бижан Ержиласун, Еуразия Жазушылар қауымдастығының төрағасы Якуб Омароғлы, «Кардеш калемлер» журналының бас редакторы Әли Акбаш, Әзірбайжан Жазушылар одағының төраға орынбасары Решат Межит, жазушылар Ахметжан Ашири, Оғлумая Семизаде, Первин Нұралиева, Салтанат Асанбекова, Тажигүл Семизаде, Ілияс Ерен қатысты. [caption id="attachment_45232" align="alignnone" width="464"] width= Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы қаламгерлер арасында[/caption]

Жиынды ашқан Елші А.Сапарбекұлы Елбасы ұсынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаланың негізгі бағыттары мен бағдарлама аясында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берді. Өз кезегінде сөз сөйлеген профессор А.Б.Ержиласун аталған мақаладағы тың идеялардың түгел түркі жұртына аса қажетті екендігіне баса назар аудара отырып, рухани саланың дамуына үлес қосып отырған қазіргі кездегі ең ұтымды бағдарлама екендігін жеткізді. «Алыс-берісі жоқ елдің дамуы екіталай. Осы себептен Түркия Қазақстанның бұл тәжірибесінен пайдалану керек деп ойлаймын. Тек қана Түркия ма? Меніңше, барлық түркітілдес халықтар Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынған осы тың идеялы мақаласын оқып, өздеріне керегін алу керек. Бұл үлкен мүмкіндік. Біздер Елбасының бастамасымен түркі ынтымақтастығын дамыту жолында атқарылған барлық іс-шараларды бақылап отырамыз. Және шын мәнінде қуанышқа кенелеміз. «Рухани жаңғыру» деп аталатын бағдарлама Қазақстанның дамуына ғана емес, бәрімізге қажет деп есептейміз», деді профессор А.Б.Ержиласун.

 width= Қазақстандағы ұйғыр әдебиетінің өкілі, «Қорқыт ата» атындағы түркі әлемі драматургиялық конкурсының жеңімпазы, жазушы Ахметжан Ашири «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанда атқарылған іс-шаралар туралы мәлімет беріп, Қазақстанның бірлікке үндеген елдік идеясының барлық ұлттарға үлгі болатындығын атап өтті. Шара барысында түрік тілінде жарық көрген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы дала ұлағаты» атты кітабының таныстырылымы өтті.

Жиын соңында Елші А.Сапарбекұлы Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастардың дамуына үлес қосқаны үшін профессор А.Б.Ержиласун мен профессор М.Йылдызды «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттады. Сонымен қатар, Еуразия Жазушылар қауымдастығының төрағасы Я.Омароғлыға қазақ руханиятын Түркияда насихаттағаны үшін Халықаралық «Жамбыл» атындағы сыйлығы мен медалін табыс етті.