Мәдениет пен әдебиет жұртты жақындатады

Сондай-ақ!

«Тақиялы періштеге» Баталов қандай сый-құрмет көрсетті?

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов ардагер, белгілі актер Әлімғазы Райымбековті қабылдап, 85 жасқа толуымен құттықтады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Амандық...

Жазасын өтеп жатқан орыс баласы домбыра тартуды үйренген

Елімізде өзге ұлт өкілдерінің домбырамен күй тартып, домбыраға қосылып қазақтың әнін шырқауы бүгінде соншалықты таңсық нәрсе емес, бірақ темір тордың аржағында отырып домбыра үйренуге...

«Бұларың Отан үшін қауіпті!». Балғынбек Имаш әнші Қарақат пен Алтынайды сынға алды

Айтыскер ақын Балғынбек Имаш Түркиядан үй сатып алғанын желіде жариялап, жарнама жасаған Алтынай Жорабаева мен Қарақат Әбілдинаны сынады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды. «Мен үшін...

Қазақ хандығы дәуірінің ұлы жырауына лайықты құрмет көрсеттік пе…

Мемлекетті мемлекет ететін идеология болса, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның талассыз негізі 15-ғасырда құрылған Қазақ хандығының идеологиясын жүргізген тұлғалардың негізгілері − ақындар. Соның бірегейі − Қазтуған...

Қазақстан мен Түркия дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығы аясында қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстанның Анкарадағы елшілігінде «Қазақстанның рухани жаңғыруындағы Қожа Ахмет Ясауи» атты конференция өтті.

Конференцияға Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы, Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті кеңесінің төрағасы Мұса Йылдыз, Түркі мәдениетін дамыту ұйымының бас хатшы орынбасары Фырат Пурташ, Еуразия Жазушылар қауымдастығының төрағасы Якуб Омароғлы, жазушы Алпер Қаған Үчер, түрік зиялы қауым өкілдері және Түркияда қоныстанған Қазақстанның азаматтары қатысты.

Шара барысында жазушы Алпер Қаған Үчердің бүкіл түркі дүниесінің пірі, ұлағатты ұстазы Қожа Ахмет Яссауи туралы жазылған Sarp Yokuş (Тік өр) атты романының тұсауы кесілді.

Конференцияны құттықтау сөзімен ашқан елші Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы негізгі бағыттарын атап өтіп, Қазақ елінде жасақталып отырған рухани және мәдени географиялық белдеу туралы, 26 қазанда латын әліппесіне көшу туралы Жарлыққа Елбасының қол қойғандығы және былтырғы жылы ЮНЕСКО тарапынан жария етілген « Яссауи жылы» аясында бірқатар маңызды іс-шаралардың ұйымдастырылғандығы жөнінде хабарлады. Сондай-ақ, ол «Шынар ата» атанған түрік жазушысы А.Қ.Үчердің Яссауи туралы жазған жаңа шығармасының жарық көруімен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Жазушы А.Қ.Үчер Елбасы Н.Назарбаевтың қоғамдық сананы жаңғырту бойынша ұстанған салиқалы саясатын жоғары бағалап, түркіден шыққан Қожа Ахмет Яссауи сынды ұлы тұлғалардан қалған рухани мұраға ие болып отыру қажет екендігін және сол мұралардың ғана қазіргі таңда қауіп төндірген радикалды ағымдарға қарсы төтеп бере алатындығын жеткізді. Түрік жазушысы сөз соңында елшіліктің мәдени-гуманитарлық сала бойынша белсенділікпен атқарып отырған шараларын атап өтіп, екі бауырлас ел арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейде дамып отырғандығын жеткізді. «Мәдениет пен әдебиет елді елдестіреді, жұртты жақындастырады. Қазақ елінің тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктері көп. Бүгінде рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өзінің ұлттық құндылықтарын Анадолу жерінде паш етіп отыр. Еңбегім екі ел арасында көпір болса арманым орындалды деп есептеймін», – деді түрік қаламгері. Шара соңында  түрік жазушысы А.Қ.Үчерді елші А.Сапарбекұлы алғыс хатпен марапаттады.

Тағы бір жаңалық, Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен Еуразия Жазушылар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен ІІ-ші Халық­аралық Қорқыт ата атындағы драматургия саласы бойынша байқау өз мәресіне жетті.

Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Түркия, Түркіменстан сынды түркітілдес елдерден келіп түскен 48 драматургиялық шығармалар іріктелді. Байқау комиссиясының шешімі бойынша бірінші орынды Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Ахметжан Аширидің «Шарбақ» атты шығармасы иеленді. Екінші орынды түркиялық жазушы Лүтфи Шахсувароғлының «Тұғрыл Бейдің түс» атты шығармасы, үшінші орынды әзірбайжандық жазушы Первин Нұралиеваның «Асып өтер Арасты» атты шығармасы және төртінші орынды түркімен жазушысы Оғулмая Семизаденің «Ұлы таулардың әні» атты шығармасы жеңіп алды.

 

 

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

«Итаяғың болар еді алтыннан, иттің тісі батпағанда желкеңнен» Сабыр Адай Жаңаөзенді жырлады

Төмендегі видеода ақын Сабыр Адай және Светқали Нұржан өлең оқиды. Жаңаөзен қаласы,...

Әлемде қанша адам құлдықта жүр?

Адамды еркінен айырып, құлдықта ұстау – әлемдегі еі ауыр қылмыстардың бірі. Оны...
ПУТИН

Путин Қазақстанда өтетін парламент сайлауы туралы ойын айтты

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанда өтетін парламент сайлауы турлалы мәлімдеді, деп хабарлайды. Путин...
Хабиб

Хабиб Қазақстанда турнир өткізеді

Мәскеуде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Хабиб Нұрмағомедов Қазақстанда турнир өткізетінін айтып өтті,...

Өзбекстан азаматы шекарада есірткімен ұсталды

Polisia.kz хабарлауынша, Түркістан облысында «Жібек жолы» шекара бекетінде есірткі алып алып бара...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...