Ертең Құран жарысының жеңімпаздары марапатталады (Фото)

Ертең Құран жарысының жеңімпаздары марапатталады (Фото)

Ертең Құран жарысының жеңімпаздары марапатталады (Фото)
ашық дереккөзі
383
Алматыда өтіп жатқан «VI Республикалық Құран жарысы» мәресіне жетті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы сайыс жеңіпмаздарына арнап жүлдеге үш автокөлік тігіп отыр.
Сайысқа респбуликамыздың әр облысынан 3 үміткерден келіп қатысқан. 30 пара Құранды жатқа оқитын қариларды қазылар "оқу қырағаты", "тәжуид білімі", "жаттау қабілеті" сынды талаптар бойынша бағалап, жеңімпаздарын анықтап отыр. Сондай-ақ үміткерлерден оқыған аяттарының мағынасы да (тәпсірі) сұралаған.
29 мамыр күні, Алматыдағы "Байкен" мешітінде (жұма намазынан бұрын) «VI Республикалық Құран жарысы» жеңімпаздарының есімі жарияланып, жүлделер табысталады. Жарыс жеңімпаздарына «Hyunday» (1 орын), «Daewoo Nexia» (2 орын), «Лада Приора» (3 орын) автокөлігі тігіп отыр. Сондай-ақ, 4 орынға үлкен Қажылыққа, 5 орын иегеріне Умра қажылыққа жолдама берілмек.
Құранды оқу, жаттау, өзгелерге үйрете білу жайлы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.):«Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің», – деп өсиет қалдырған. (Имам Бұхари)
Құранды жақсылап оқыған, әріптерін дұрыс оқуға машықтанған әрі амал етуге тырысқан мұсылман Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болатынын Айша (р.а.) анамыздан келген риуаяттан көреміз: «Құранды шебер оқуға машықтанған жан Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болады. Ал Құранды оқығанда кекештеніп қиналса, екі сауап алады», – деген. (Имам Термизи)
009009
007007 008008 004004 — копия 001001 — копия 002002 — копия 003003 — копия

Серіктес жаңалықтары