2 мың көкшетаулыққа – 10 сотық жер

Ақмолалықтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін беру жұмыстары күшейтіледі. 

«Мен бұл жұмыстың басталып кеткенін, ал келесі жылы осы бағытта айтулы жоспарлар барын атап өткім келеді. Тек Көкшетау қаласында ғана біз келесі жылы 2 мың жер учаскесін бөлетін боламыз», – деді Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, биылғы жылы Көкшетауда тұңғыш рет тұрғындарға 10 сотық аумағындағы 218 учаске бөлінген. Келешекте Ақмола облысының 14 елді мекеніндегі 7 мың үйге инженерлік коммуникация тарту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, жылдың аяғына дейін кезекте тұрған Тұрғын үй жинақ банкі бағдарламасына қатысушыларына 6 көппәтерді үйді тапсыру көзделуде. 2018 жылы бағдарлама шеңберінде 20 көппәтерлі жалға берілетін және несиелік тұрғын үй тұрғызу жоспарланған. Сонымен қатар, жеңілдетілген несие мен ипотекалық қарыз есебінен салынатын тұрғын үй құрылысының механизмі іске қосылған. Осы бағытта Ақмол ауылында 10 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы және Целиноград ауданының Қабанбай батыр ауылында 200 жеке тұрғын үй салынатын болады.

 

Back to top button