Қанат Ислам - жылдың үздік спортшысы

Қанат Ислам - жылдың үздік спортшысы

Қанат Ислам - жылдың үздік спортшысы
ашық дереккөзі
Еліміздің мақтанышы, белгілі боксшы Қанат Ислам қазақстандық «Жыл таңдауы» жобасының нұсқасы бойынша жылдың үздік спортшысы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Қанат Исламның PR-менеджері Берік Сұлтан Facebook желісіндегі парақшасында жазды. «Қанат Ислам «Жыл таңдауы» жобасының нұсқасы бойынша жыл спортшысы атанды. Кəсіпқой рингте 25 кездесу өткізіп барлығында жеңіске жеткен, оның 20-сын нокаутпен ұтқан ұлтымыздың мақтанышы, WBA intercontinental, WBO NABO чемпиондық белбеуінің иегері Қанат Ислам «Қазақстандағы №1 жыл таңдауы» - «Алтын адам» сыйлығының лауреаты жəне «Жыл спортшысы» атанды», - дейді Берік Сұлтан. Еске сала кетейік, бірінші орта салмақта жұдырықтасатын Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін Астана қаласында Брэндон Кукке қарсы өткізіп, 9-шы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Сөйтіп отандасымыз бірінші орта салмақтағы WBO, NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерін қорғап қалды.