Бостондағы лаңкестікке қатысты Диас Қадырбаев 7 жылға сотталуы мүмкін

Бостондағы лаңкестікке қатысты Диас Қадырбаев 7 жылға сотталуы мүмкін

Бостондағы лаңкестікке қатысты Диас Қадырбаев 7 жылға сотталуы мүмкін
ашық дереккөзі
2464

Бостон марафонының мәресінде болған лаңкестіктің тергеу жұмыстарына кедергі келтіргені үшін айыпталған Диас Қадырбаевты АҚШ федералдық прокурорлары жеті жылға соттауды сұрады.

Қазақстандық Диас Қадырбаев Бостондағы лаңкестік әрекетті ұйымдастырған азамат Царнаевтың достарының бірі деп аталған болатын. Мұны прокурорлар Диас Қадырбаевтың әлеуметтік желілердегі хабарламаларынан кейін білгендігін айтуда. Прокурорлар Диастың әлеуметтік желідегі «Менің ең жақын досымның қолынан келді» және «Олар көлікті айдап әкетті, полицейді өлтірді» деген сөздері арқылы айыптап отыр.  Lenta.ru-дың жазуынша, Диастың Царнаевтың марафонда жарылыс жасау туралы жоспарын білгені немесе сол лаңкестік әрекетте қандай да бір рөл атқарғаны туралы еш дәлел жоқ екен. Сонда да, Диас Қадырбаев тергеу жұмыстарына кедергі келтіргені үшін айыпталған. Оның 25 жылға дейін сотталып кетуі мүмкін еді, бірақ өз кінәсін мойындағанын ескеріп, прокурорлар Диастың жазасын жеңілдету туралы шешімге келіпті.

 

Серіктес жаңалықтары