Халықаралық футбол федерациясының шенділері неге тұтқындалды?

Халықаралық футбол федерациясының шенділері неге тұтқындалды?

Халықаралық футбол федерациясының шенділері неге тұтқындалды?
ашық дереккөзі
291

Футбол әлемінде шулы жағдай орын алды. 27 мамыр күні таңертең Швейцарияның Цюрих қаласындағы 5 жұлдызды «Baur au Lac» қонақүйінде ФИФА-ның шенділерін полиция тұтқындады. Қолға түскен шенеуніктер пара алды деп айыпталуда.

ВВС-дің хабарлауынша, Швейцарияның құқық қорғау органының қызметкерлері күдіктілерді ешқандай у-шусыз қолға түсірген. Полиция өкілдері халықаралық футбол федерациясында 2018 және 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу ісіне қатысты заңсыздық орын алуы мүмкін екендігін айтуда. Әзірге қолға түскен шенділердің нақты саны белгісіз. The New York Times басылымы ФИФА-ның бірнеше адамы ғана ұсталғанын айтса, The Wall Street Journal басылымы 12 шенеуніктің қамауға алынғанын жазуда. ВВС және АР телеарналарының деректерінде 6 адамның тұтқындалғаны, ал CNN жаңалықтары 14 адамның қолға түскені туралы хабар таратты. Әзірге қамауға алынған күдіктілердің нақты санын білу мүмкін болмай тұр.

Қазір қолға түскен шенділер қатарында Джеффри Уэбб, Джек Уорнер, Эухенио Фигуэредо, Жозе Мария Марина, Эдуардо Ли, Хулио Роху, Николас Леос сынды ФИФА шенділерінің аты аталды. Швейцарияның Әділет министрлігі АҚШ билігінің сұрауымен ФИФА құрамындағы алты күдіктіні қолға түсіргендерін растап отыр.

Цюрихтегі шулы жағдайдың 2018 және 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатының өту орнын белгілеуге байланысты болуы әбден мүмкін. Яғни, чемпионат өтетін орынды таңдауда заңсыз әрекеттің, жемқорлық орын алды деген қауіп бар. Ал Ресейдің жемқорлыққа қарсы ұлттық комитетінің төрағасы Кирилл Кабановтың айтуынша, ФИФА шенділерінің тұтқындалуы 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына кері әсер етуі мүмкін.

Алайда ФИФА өткізген баспасөз канференциясында ұйым басшылары 2018 және 2022 жылғы футболдан әлем чемпионаттары жоспарлағандай Ресей мен Катарда өтетіндігін мәлім етті.

Серіктес жаңалықтары