Ең табысты боксшылар тізімінде Головкин екінші орынға сырғыды

Ең табысты боксшылар тізімінде Головкин екінші орынға сырғыды

Ең табысты боксшылар тізімінде Головкин екінші орынға сырғыды
ашық дереккөзі
Elite Sports NY нұсқасы Головкин ең табысты боксшылар тізімінде екінші орынға жайғасты. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Elite Sports NY нұсқасы бойынша Pound-For-Pound (салмақ дәрежесіне қарамастан) рейтингінде ең табысты боксшылар тізімінде екінші орынға жайғасты. Бірінші орынға Теренс Кроуфорд көтерілді, ал қазақстандық боксшының басты қарсыласы Сауль “Канело” Альварес үшінші орынға табан тіреді. 1. Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО). 2. Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО). 3. Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО). 4. Василий Ломаченко (9-1, 7 КО). 5. Гильермо Ригондо (17-0, 11 КО). 6. Сергей Ковалев (30-2-1, 26 КО). 7. Майки Гарсия (37-0, 30 КО). 8. Кит Турман (28-0, 22 КО). 9. Эррол Спенс (22-0, 19 КО). 10. Дэнни Гарсия (33-1, 19 КО). Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды. Головкин мен Альварестің командалары екінші жекпе-жек өткізу үшін келіссөздерді бастап кетті. Олар 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездесуі мүмкін.